Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:38, 01 Наурыз 2023

«Қауіп қайдан демеңіз?..»

None
None

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі Қытай тарапы ұсынған «бейбіт жоспарды» қолдайтынын ресми мәлімдеді.

Жалпы, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі – Қытайдың осы бейбітшілік жоспарын құптаған азғантай ғана министрліктердің бірі болып отыр. Бұған дейін бұл жоспардың тиімділігіне күмәнмен қарайтынын АҚШ президенті Джозеф Байден мен Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен айтқан.

Украина президенті Владимир Зеленский ұсынылған бұл жоспарды Ресейдің Украинаға ашқан соғысын тоқтатудың жоспары емес, Қытайдың қақтығысты реттеуге қатысты өз ойы ғана деп бағалады. Ал бұл құжат ең алдымен, Ресей үшін тиімді. Өйткені ол Украинаның қазіргі территориясын мойындап, Ресейдің Украинадағы демилитаризация және денацификациясын нейтральды мәртебемен қалдыруды ұсынады.

Ал Қазақстан неге бұл жоспарды қолдап отыр? Украиналық саясаткер Виталий Портниковтың ойынша, Қазақстан, ең алдымен, өз тәуелсіздігін сақтап қалуды мүдде тұтады. Өйткені Путиннің бұл соғысты тоқтатқысы жоқ. Путиннің Ресейі соңғы демі қалғанша соғысайын деді.

– Ресейдің көршілері орыстың басқыншылығынан қауіптенеді. Ресей жан-жағындағы елдерге оккупация жасап, оларды мүгедек мемлекет етпей қоймайды. Ресей Федерациясының түпкі мақсаты мен жоспары бар өйткені. Ол 1991 жылғы советтік шекараларын қалпына келтіргісі келеді. Ал Украинамен соғыс осы үлкен қанды жоспарға жетудің алғашқы, кішкентай қадамы ғана. Бұл жағдайда Қазақстанға қауіп төніп тұр.

Тегтер: