Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:14, 09 Желтоқсан 2022

Қаза тапқан өрт сөндірушінің әйелі жүрек тебірентер видео жариялады

None
None

Қарашаның соңында Астанада үш адамды құтқарып, өзі қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары Әнел Забикулина әлеуметтік желіде жүрек тебірентер видео жариялады, деп хабарлайды Жас Алаш Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Әнел Забикулинаның жазбасына қарасақ, бүгін марқұм Асқар екеуігің отасқанына 5 жыл толған.

“Бүгін — отбасымыздың мерейтойы. Бүгін отасқанымызға бес жыл”,- деп жазған видео астына Әнел.

Бейнежазба қазір әлеуметтік желіде қатты таралып, халық Әнелге тағы да көңіл айтып жатыр. Бейнероликте Әнел Асқар екеуінің көңілді сәттерін, бірге түскен фотосуреттерін жариялаған.

Айта кетейік, Астана қаласындағы үш бөлмелі пәтерден шыққан өрт кезінде Асқар Забикулин 22 жастағы қыз бен оның 80 жастағы әжесін, сондай-ақ, көрші пәтердегі баланы құтқарған. Бірақ, денесінің 80% күйік шалған ол аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты Асқардың отбасына үш бөлмелі пәтер беріліп, батырдың атын өшірмеу үшін Астананың бір көшесіне есімі берілетін болды.

Тегтер: