Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:08, 18 Қаңтар 2022

Қаза тапқан сарбаздардың ордені ата - анасына табыс етілді.

None
None

Ел басына күн туған дүрбелең шақта отан қорғап жүріп мерт болған сарбаздар  Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров 20 жасқа да толмаған еді.

Президенттің жарлығымен екі сарбаз  қайтыс болғаннан кейін ІІІ - ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ұлттық ұланның сарбаздары Талдықорған мен Қызылордада бүлік кезінде қаза тапқан еді.

Мемлекет басшысының атынан орденді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек марқұмдардардың туған-туыстарына табыс етті.

«Бейбіт уақытта біздің жауынгерлеріміздің өлімі барлығымыз үшін үлкен қайғы болды. Біз отанымыздың қорғаушылары, өмірінің соңына дейін Заңға және Қазақстан халқына қызмет еткендердің барлығының есімдерін әрдайым есте сақтайтын боламыз. Біз үшін Айбат пен Мадияр мәңгі ерлік пен абыройдың үлгісі болып қала береді»,- деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Сарбаздардың есімі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының батырлық шежіресіне енеді. Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері атынан қаза тапқан сарбаздардың туыстарына 7 млн теңгеден табысталды. 

Тегтер: