Qazaq Air рейсінде бортсеріктің шашынан тартқан жолаушы 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді
Астана-Новосибирск бағыты бойынша ұшқан Qazaq Air рейсінде тәртіп бұзған жолаушы сот үкімімен 4 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Ол әуе компаниясының бортсеріктерімен жанжалға барып, күш қолданғаны үшін жауапқа тартылды.
Оқиға 2025 жылдың қазан айында болған. Мас күйдегі әйел бортсеріктердің қосымша сыра сатудан бас тартуына наразылық білдіріп, балағат сөздер айтып, олардың шашынан тартып, қолдарынан ұстап, аяқпен тепкен. Ұшақ Новосибирск әуежайына қонған соң, жолаушы полицияға тапсырылған.
Сот оны кінәлі деп танып, пробациялық бақылау белгіледі. Сонымен қатар міндетті түрде тәуелдіктен емделу және бірқатар шектеулер енгізілді. Әйел моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге төлеуге міндеттелді – әрбір жәбірленген бортсерікке 1 миллион теңгеден.
Жолаушы сотта кінәсін толық мойындап, кешірім сұраған.