Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:00, 02 Қазан 2019

Қазақ балуандары күресе алмайды

Қазақ топырағында бұрын-соңды мұндайкүрес додасы болған емес. Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өткен әлемчемпионатына бес құрлықтың 100-ден аса мемлекетінен 1000-нан астам балуан қатысты.

Бұл дегеніңіз – бүгінгі таңда Жер шарындағы ең таңдаулы боз кілем шеберлеріелордада бас қосты деген сөз.

Біздің халық күрес десе, ішерасын жерге қояды. Сол ниетпен, сондай бір ыстық көңілмен әлемдік чемпионаттыынтыға, асыға күткен едік.

 

Грек-рим күресі:21 жыл зарыға күткен алтын жүлде еді

Жарыстыгрек-рим балуандары  бастады. Шүу дегенде55 келі салмақтағы Қорлан Жақанша финалға шыға келгенде, 21 жылдан бері әлемчемпионатының алтын медаліне қолымыз жетпей әбден таусыла,  торығып жүрген қазақ жанкүйерлері бірсерпіліп, ширығып сала бердік. Бірақ ертеңіне кешкісін грузиннің НугзариЦурцумия есімді жұдырықтай тарамыс балуаны біздің баланы түтіп жеп қоя жаздады.Әдетте әлем чемпионатының шешуші белдесуінде беттескен жігіттердің шеберлік деңгейі,білек күші жобалас болушы еді. Бұл жолы грузин балуаны  түлкі алған көкжал қасқырдай сұрапыл қимыл көрсетті.  Өз төрінде тас-талқан боп жеңілген Қорланныңбоз кілемде ботадай боздап жылағанын көру бізге  оңай тиген жоқ. Бұған дейін Азия чемпионатындаекі мәрте қола жүлдегер атанған 27 жастағы Қорлан ініміздің бір шырқаған тұсы –осы әлем чемпионатының күміс  белесі шығар.Бұлай деуімізге себеп – күресінде аздаған шикілік бар.

60келіде 2017 жылғы әлем және Азия чемпионатының күміс медалисі, 25 жастағыМейрамбек Айнағұловтан жеңіс күткеніміз жасырын емес. Алғашқы үш белдесуде ортадеңгейдегі қарсыластарын аса қиналмай ұтқан Мейрамбек жартылай финалда орысбалуаны Сергей Емелинге қарсы түк істей алмады. Емелин етпеттей жатқан біздіңжігітті аш белден қапсыра құшақтап, қатарынан төрт рет аунатып тастағандажанарымызбен жер шұқып отырып қалдық. Әрі қарай Мейрамбек ширыға ма деп едік.Жоқ, мыңдаған тілеулесінің алдында жанұшыра тайталасудың орнына тіресіп, жұлқысыпжүрді  де қойды. Бұйырғаны – қола медаль.

Бұғандейін әлем чемпионатының бір күміс, екі қола медаліне қоса, екі рет Азиячемпионы тұғырына көтерілген  31 жастағы  Алмат  Кебісбаев (63 келі) бұл жолы шабандау қимылдады.2016 жылғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жапон Шинобу Ота біздіңжігіттің финалға барар жолын кесіп кетті. Мойындауымыз керек, Ота қазақ жеріндежанартаудай жарқылдап, отты қимылымен қалың жанкүйердің ықыласына бөленсе, Кебісбаевәлем чемпионаттарындағы үшінші қола медалін қанағат тұтты.

Қазаққұрамасындағы Мейіржан Шермаханбет, Демеу Жадыраев, Мақсат Ережепов, Асхат Ділмұхамедов,Азамат Құстыбаев, Ерұлан Ысқақов және түйе балуан Мансур Шадукаев жүлдеге  іліккен жоқ. Бұл жігіттердің ішінен Асхат Ділмұхамедовекі дүркін олимпиада жеңімпазы, екі мәрте әлем чемпионы, ресейлік Роман Власовпен дүниежүзінің чемпионы, серб балуаны Виктор Немешті сан соқтырып көпшіліктіду еткізгенімен, әрі қарай  қарқынын сақтайалмады.

Қадірліжанкүйер, грек-рим күресінен 1998 жылы Бақтияр Байсейітов дүниежүзілік чемпионатта топ жарғаннан бері бірде-бір қазақбалуаны әлемдік біріншіліктің алтын тұғырына табан тіреп көрмепті. Бұл дегеніңіз– тұтас ұлттың намысына сын. Бұл дегеніңіз – ең алдымен грек-рим күресіндегібапкерлік мектептің әлсіздігін, осы салада жүйелі жұмыстың жоқтығын  және іс басындағы азаматтар арасындағы ынтымақтыңкемдігін білдіреді. Әйтпесе қазақ жастарының балуандық қабілеті, еңбекқорлығы,табандылығы ешқандай ұлттан кем емес.

Ендіөзара салыстыру үшін грек-рим күресінен Грузия, Армения, Болгария, Куба жігіттерінің 1998-2019 жылдардағы алтын жүлделерінесептеп көрейік: Грузия – 6 алтын медаль; Армения – 7 алтын; Болгария – 7 алтын;Куба – 9 алтын медаль. Грузияның халық саны осы кезеңде 4,4 миллионнан 3,7миллион аралығында болса, Армения тұрғындары 3 миллионға таяу, Болгария халқы 7миллионнан сәл асады, ал Куба тұрғындары 11,5 миллионға таяу. Осы әлемдікчемпионатта армян жігіттері өз елін айтпағанда, Ресей, Франция, Польша,Бразилия, Болгария және Өзбекстан құрамалары сапында бәсекеге түсіп, грек-рим күресіненорыстар мен өзбектерге бір-бір күміс, болгарларға бір қола медаль алып берді.

Бұлмемлекеттердің экономикалық қуаты Қазақстанның ширегіне де жетпейді. Бірақбалуан жігіттері біздің бауырларға асқар шыңның төбесінен қарағандай тым асқақжағдайда тұр. Ешкімнің көңіліне келмесін, қазіргі балуандарымызға қарап олардыбір кездегі ұлан-байтақ даланы қорғаған батыр да балуан бабалардың ұрпағы деп мақтанудың өзі ұят тәрізді. Ашығынайтқанда, жігіттерімізді күш атасы Қажымұқанның, 51 пұт кірдің тасын көтергенБалуан Шолақтың, аюмен жекпе-жекте басым түскен Дәлелқанның ізбасарлары депкеуде қағуға қысылатын жағдайға тіреліп тұрмыз. Совет Одағы дүркіреп тұрғанзаманда марқұм Шәміл Серіков қатарынан екі рет (1978-1979 жж.) дүниежүзілікчемпионатта жеке-дара шығып, сол тұстағы 5 миллиондай қазақты  арқа-жарқа қылып еді. Одан кейін Шәміл Серіковпен Жақсылық Үшкемпіров Мәскеу олимпиадасында топ жарса, 1981 жылы Жақсылық ағамызауылға әлем чемпионатының «алтынын» тағып оралды. 1989 жылы әлем чемпионатыныңалтын медалі Дәулет Тұрлықановқа бұйырды. 98-жылы Бақтияр Байсейітов жеңімпаз ағаларыныңжолын жалғастырды. Осы төрт қазақ кілемге шыққанда біз арқамызды Алатау менАлтайға нық тіреп, Кавказ, Еуропа балуандарынан еш қаймықпаушы едік. Қазіргібалуандарымыздың көбі Кавказ балуандарымен белдеспей жатып іштей жеңілесалатындай көрінеді бізге. Ал Бақтиярдан кейін не олимпиада ойындарының, не әлемчемпионатының бас жүлдесі қолға тимей, жанымыз күйіп пұшайман күйде жүрміз.Біздің пайымдауымызша, біздің спорт және күрес басшыларының, балуан жігіттердіңжыл сайын жығыла-жығыла еттері өліп кеткен тәрізді. Ал тәуелсіздіктің алғашқыжылдарында Қазақ еліне сырттан келген Юрий Мельниченко (1994, 1997) мен МкхитарМанукян  (1998, 1999) екі реттен дүниежүзініңчемпиондары атағын жеңіп алды.

Ақиқатын айтсақ,біз қанша жерден зар илегенімізбен, спорт саласында ұлттықмүдде мен қазақи намыстың қадірін жоғалта бастаған тәріздіміз. Ең бастысы, көп адамның ниеті басқажаққа ауып кеткен.

Еркін күрес:  65 жылда бір әлем чемпионы жоқ

Бұлтүсінген адамға еркін күрестегі ұлттық намыстың өлшемі іспетті жағдай. Яғни қазақжерінде еркін күрес алғаш тұсау кескен 1954 жылдан кейінгі қызыл большевиктер  заманын айтпағанда, азаттық алған 28 жылдаеркін күрес бойынша бір ұлымызды әлем чемпионатының ұшар басына алып шыға алмағанымыз– ұлттық қуатымыздың, оның ішінде бапкерлік мектептің  әлсіз екенін көрсетеді. Яғни біздің осы жолдағықұрған жүйеміз нашар, осы жолға жұмсаған ақыл-ойымыз  таяз, осы жолдағы мақсат-мүддеміз бұлыңғыр,осы жолдағы намысымыз қайраусыз әрі жалаң, қысқасы, 28 жылдағы бар тірлігімізшатқаяқтаған, алдыңғы екі дөңгелегі ирелеңдеп, бұралаңдаған алқам-салқам ескіарба тәрізді. Ең ауыры, күрестің басы-қасындағы ақсақал, қарасақалдарымыз бас қосып,  табаны күректей 28 жылда еркін күрестің көшінтүзеуге жарамады. Бұл ұлттық намысымыздың тоқырауға ұшырағанын білдіреді. Осыданбірнеше жыл бұрын белді кәсіпкер, ұлт жанашыры Бауыржан Оспанов грек-рим менеркін күресті жүйелі жолға салу үшін жанын сала кіріскен еді. Бауыржан осы игііс жолында миллиондаған қаржысын, күш-қуатын, ақыл-парасатын аямай  жұмсады. Бірақ ұлтсыздық пен тәкаппарлық,білімсіздік әбден асқынып, қабындап кеткен жүйені біраз сілкіген соң жүрегісуынып көңілі қалды да, қолды бір-ақ сілтеді. 

Иә,біздің іс басындағы азаматтардың басым көпшілігі қазіргі таңда жеке мүддесін ұлтмұратынан жоғары қоятынын көзі ашық жұрт жақсы біледі. Олар үшін ұлттық намыс түккетұрмайтын нәрсе. Иә, пайғамбарымыз Мұхаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлеміболсын!): «Барлық нәрсе ниетке байланысты», – деген, яғни ниет бұзылғанжерден  береке  қашады.

Базбір оқырман қаттылау кетті деп, бізді сөгетін шығар. Ендеше, мына дерекке неайтасыздар? Грек-рим күресі бойынша азаттық жылдарында Дәулет Тұрлықанов пен БақтиярБайсейітов дүниежүзіндегі майталман мамандар мойындаған  айтулы балуандардың қатарында нық тұрды. Алеркін күрестен 65 жылда не бір олимпиада жеңімпазы, не бір әлем чемпионы жоқ қазақжұрты  дүниежүзі  мойындаған ұлы дүрмекке қай ұлын қосады? Бір уысқана шешен халқы үш мәрте олимпиада, алты дүркін әлем чемпионы БувайсарСайтиевті, біздің бір облыстай ғана Дағыстан екі мәрте олимпиада жеңімпазы, әлемчемпионы Мәулет Батыровты, кішкентай ғана авар жұрты олимпиада жеңімпазы, төртмәрте әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевты, Грузия олимпиада және әлем чемпионыРеваз Миндорашвилиді,  Иран елі олимпиадажеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы Хасан Язданиді, батыстағы көршіміз Әзірбайжанолимпиада жеңімпазы, әлем чемпионатының үш мәрте күміс жүлдегері НамикАбдуллаевты төбелеріне көтеріп, мақтан тұтады. Біз кімді атаймыз? Біз  Мәулен Мамыров, Ислам Байрамуков, ДәулетНиязбеков, Дәурен Жұмағазиев, Ақжүрек Таңатаров, Нұрқожа Қайпановтарды мыңалтын медалі бар мың чемпионға айырбастамаймыз. Бірақ қазақ жігіттерінің деСайтиев, Садулаев секілді әлемдік күрес көшін жеке-дара бастағанын жан-тәнімізбен қалаймыз.

Тарихдөңгелегін кері бұрасақ, Совет Одағы кезінде Әбілсейіт Айханов, Аманкелді Ғабсаттаров,Аманжол Бұғыбаевтар нағыз әлемдік деңгейдегі саңлақтар еді. Петр Матущак пен ҚабденБайдосовтай әлемдік дәрежедегі мамандардың қарамағында  шыңдалған үш ағамыз шын мәнінде олимпиада жәнеәлем чемпионы атағына лайық еді. Бірақ Мәскеудің қыспағы қайран ағалардың бағынбайлады. Ал Матущак пен Байдосов тізгінін ұстаған қазақ құрамасы, ұлттық құраманыңбапкерлер алқасы 1960-75 жылдар аралығында дүниежүзіндегі таңдаулы ұжымның біріболды.

Тәуелсіздікжылдарындағы жағдайға тоқталсақ, дүниежүзіндегі үздік шоғырға қосуға жарайтынжалғыз балуан ретінде Мәулен Мамыровты атағымыз келеді. Мәулен нағыз жалындыкезінде қолының ескі жарасы сыр беріп, соның салдарынан бар мүмкіндігін сарқыпжұмсай алмады. Ал Мамыровтан кейін әлемдік сайыстарда медаль алып жүргенжігіттердің ешқайсысын балуандық тегеурін және шеберлік жағынан Сайтиев пенСадулаевтың қатарына қоя алмайсың. Қадірлі ағайын, өз бауырларың туралы осылайжазудың өзі жүрекке салмақ, көңілге ауыр тиеді екен. Бірақ ақиқаттан аттап кетеалмайсың.

Тағыда статистикаға кезек берейік. 2019 жылға дейін әлем чемпионаттарында жүлдегер  атанған  қазақ балуандарын атасақ: Мәулен Мамыров (1997жыл), Дәулет Ниязбеков  пен Дәурен Жұмағазиев(2011 жыл), Ақжүрек Таңатаров (2018 жыл) – барлығы төрт қола медаль, НұрланБекжанов (2016 жыл) – күміс медаль. Олимпиада ойындарында алты медаль: МәуленМамыров (1996 жыл),  Ислам Байрамуков(2000 жыл), Геннадий Лалиев (2004), Марид Муталимов (2008), Ақжүрек Таңатаров,Дәулет Шабанбай  (2012 жыл). Бұларға қоса,Осетиядан шақырған Геннадий Лалиев 2003 жылы, Дағыстаннан келген МагомедКуруглиев 2005 жылы,  Саха елініңтумасы  Леонид Спиридонов 2009 жылы дүниежүзілікбіріншіліктің қола жүлдегері атанды. Баяғыда бабаларымыз көрші елдің балуанын өзатынан кілемге шығаруды ар санаушы еді, қазіргі қазақ белсенділері біреудің ұлынақол соғып отыруды модаға айналдырып алды.

2019жылғы әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков пен Нұрғожа Қайпанов күміс медальға,Нұрислам Санаев қола жүлдеге ие болды. Совет заманын айтпағанда, кейінгі 28жылдағы бар олжамыз осы ғана. Осы тұста қадап айтатын бір жағдай: Ниязбеков пенҚайпанов финалда Кавказ жігіттеріне тегеурінді қарсылық жасай алған жоқ. Қоламедальға таласқан Данияр Қайсанов, Ғалымжан Өсербаев, Нұрғали Нұрғайыпұлы, ӘлішерЕрғали бауырларымыз тегіс жеңіліс тапты. Неге екенін қайдам, біздің бауырлардыңкүресінде от жоқ. Жігіттердің қимылынан «туған топырағымда, қалың елімніңалдында не жығамын, не жаным кілемде қалсын» дейтін жанкештілікті көре алмадық.Баяғыда Жақсылық Үшкемпіров ағамыз Мәскеу олимпиадасының финалына: «Ұтамын, ұтпасам– сүйегім кілемде қалсын», – деп жанын шүберекке түйіп қасқиып шығып еді. Қазіргіінілерден сондай сұрапыл мінез байқамадық. Кейбіреуі кілемге келе жатқанда-ақжеңілетінін сезіп тұрасың. Сондай кезде ортаға арыстандай шабынып, кеуделеп ұмтылатынавар Абдулрашид Садулаевқа, жапон Шинобу Отаға, грузин Нугзари Цурцумияға, дағыстанГаджимұрат Рашидовқа еріксіз сүйсінесің. Біздің жігіттердің тым «ұстамдылығы» ұлттық құрамадағы ұлттық рухтыңжетімсіздігі және спорттық баптың кемдігінен деп санаймыз. Әйтпесе нағыз зар күйінежеткен балуан алдында жолбарыс тұрса да ақырып қарсы шабады.

ЕндіҚазақ елі дербес мемлекет ретінде күрестен әлем чемпионатына алғаш рет қатысқан1993 жылдан бастап (1993-2019 ж.ж. ) бірнеше мемлекет балуандарының дүниежүзібіріншіліктеріндегі алтын медальдарын ғана санап шығайық: Армения – 5 алтынмедаль; Болгария – 8 алтын; Грузия – 9 алтын; Куба – 8 алтын; Өзбекстан – 3алтын медаль (легионерлерді қоспай, өзбек жігіттерінің нәтижелері есептелді).Осы деректердің өзі  біздің еліміздегіеркін күрестің даму сапасы мен  деңгейінанық көрсетіп тұр. Егер Қазақстан еркін күрес балуандарының осы кезеңдегі нәтижелерінРесей, АҚШ және Иранмен салыстырсақ, бұдан да сорақы көрініске тап болар едік.Ондай жағдайда кейбір мамандар мен оқырмандар «бұл үш державаның экономикалық әлеуеті,халқының саны бізден  бірнеше есе артық»деп уәж айтуы мүмкін. Сондықтан жоғарыдағы бес мемлекетпен ғана салыстыракеткенді жөн санадық. Соның өзінде халқы 4 миллионға да жетпейтін Грузия құрамасықанжығаға байлаған 9 «алтынға» мына түрімізбен 2030 жылы қол жеткізе аламыз ба,жоқ па деген қауіп барын жасырмаймыз.

 

Байлам

Егершын жанашырлықпен бапкер іздейтін болсақ, ұлттық құраманы өрге сүйрейтінжігіттер өз ішімізден табылады. Екі тізгін, бір шылбырды толық ұстатсаң,  Боранбек Қоңыратов грек-рим құрамасын, АлтайТанабай еркін күрес құрамасын тартып кетеді. Екеуі де мінезді, ұлты үшін жанын қиюғаәзір азаматтар. Боранбек әлемдік деңгейдегі бірнеше балуанның ұстазы болса, Алтайұлттық құраманы басқарып көрді. Танабаев бас бапкер болған тұста  ұлттық құраманың рухы көтеріліп, нәтижесі көзалдымызда өсе түсті. Алтай бас жаттықтырушы болған кезде Мәулен Мамыровтанкейін араға 14 жыл салып Дәулет Ниязбеков пен Дәурен Жұмағазиев  әлемдік чемпионаттың қола медалін ұтып алды.Мәуленнен кейін олимпиада ойындарының бір медаліне зар болып жүрген кезіміздеАлланың қалауымен, Алтай Танабаев пен Бауыржан Нұрмаханның табанды тірлігі арқасындаАқжүрек Таңатаров Лондон олимпиадасында үшінші орынға табан тіреді.

Қадірліағайын, біздің спорт басшылары табаны күректей 28 жылда грек-рим және еркін күрестенбаяғы Вадим Псарев, Петр Матущак, Қабден Байдосов, Аманкелді Мұсабековтердейбіліміне білігі сай, мінезді мамандар даярлай алмады. Ұлттық құраманыңтізгінін  өз  позициясында нық тұратын, жан-жақты білімді,алмас қылыштай өткір, тәжірибелі, ел мойындаған маман ұстамайынша, күрес көшінтүзеймін деу бос әурешілік. Ал біздің басшылар өз айтқанынан шықпайтын адамдыбас бапкерлікке сүйреуге әуес. Япырау, сонда біреудің көлеңкесін сағалайтынбапкер ұлттық құраманы қалай ілгері сүйрейді?! Бір кездегі көгалдағы хоккейдіңайтулы жаттықтырушысы Эдуард Айрих пен грек-рим күресінің әлемдік дәрежедегімайталманы Вадим Псаревті жуас адам еді деп ешкім айтпайды. Ал орыс хоккейінің әкесісаналған Анатолий Тарасов марқұм керек кезінде патшамен тең сөйлесетін өрелі,адуынды адам еді. Біз болсақ бәрін жайдақтап барамыз. Жайдақ тірліктен жанартауатқылайды деу есекті аламан бәйгеге қосумен пара-пар дүние.

Біздіңосы сөзіміз  қазіргі мәдениет және спортминистрі  Ақтоты Райымқұловаға жетіп, олкісі Мәншүк пен Әлияның сіңлісіне тән өр мінезбен күрес құрылтайын шақырыпжіберсе, талай азаматтар іштегі шерді ақтаруға дайын отыр.

Қыдырбек Рысбек, журналист

Тегтер: