16:00, 12 Шілде 2023
Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов қайтыс болды

Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Сейілда Икрамұлы КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды.
Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.
Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді.
Марқұм кейінгі жылдарда ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.