Қазақ мықты болмай, мемлекет мықты болмайды
Өткен аптада біраз қауым Алматы облысынақарасты Ұйғыр ауданына қарай елеңдеді.
Құлағы түрік елдің көбі Шонжыдағы бес жігіттің пышақталуына апарып соқтырғаноқиғаға қатысты түрлі пікір білдіріп жатты. Намысын ойнатып, алақандарын ысқылағандар да табылды. Қазақтыңбереке-бірлігін көре алмайтындардың арасында «шоқ-шоқ» деп, мысқылдағандар даболды. Қызуқандылыққа салынып, елді арандатушылар да бой көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, ерінбегеннің барлығыШонжыдағы оқиғаны талқылады. Әлеуметтік желіде тіпті саяси білімі жоқ ағайын даөзінше пікір айтып, талдау жасап жатты. Ал шын мәнінде оқиға қалай өрбіді?
Жолға таласқан бесеу
Оқиғаның қалай өрбігенін бірінші болып«Жас Алаш» та біліп отырды. Бізге пікір білдірген Алматыоблысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел бұл оқиғадан саясиастар іздеп, ұлтаралық қақтығысқа балаудың қажеті жоқ екенін бірден айтты.
– Оқиға 16 маусым күні түнде болған. Бес адам көлікпенкеле жатып жолға таласып қалған. Бұл жерде ешқандай ұлтаралық мәселе жоқ. Текқана бұзақылық әрекеттер екені анықталды. Осыған байланысты екі тарап таоқиғадан ұлтаралық астар іздеп отырған жоқ. Бұдан бөлек, пышақталғанбалалардың жағдайы бірқалыпты, жағдайлары тұрақты, – деді Алматы облысыәкімдігінің баспасөз хатшысы.
Артынша осыоқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-тармағының 2-бөлігіне сәйкес, «Бұзақылық»бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Қазір осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ендіжолға таласқан бесеудің тағдырын алдағы уақытта сот шешеді.
Халық қалады, әкім түйесін соя ма?
Осы жолы Шонжыданшатақ шығысымен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бірден оқиға орнына жетті. Халықпен кездесу өткізіп,елдің ішіне жиған назын тыңдады, талабын ескеретінін айтып уәде берді. «Бақсақ,бақа екен» демекші, Шонжыдағы елдің де әкімге айтары көп екен. Соның біріауданның атауын өзгерту мәселесі болды. «Облысәкімі ауыл ақсақалдарының да пікірін тыңдады. Жасыратыны жоқ, кейбірадамдар ауданның атауын ауыстыру мәселесін де айтты. Осыдан екі жыл бұрынконференция өткенде ауданның атын – Қарадала, Шонжының атын Әлмерек депауыстыру туралы пікір айтылған. Сол мәселе тағы көтерілді. Облыс әкімі бұлұсыныстардың бәрі хаттамаға толтырылып, содан кейін шешім қабылданатынынескертті. Ономастикалық заң бойынша оның бәрі орталықта талқыланып, мемлекеттіккомиссияның шешімімен қаралады», – дейді Алматы облысы әкімінің баспасөзхатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Жалпы, Ұйғыр ауданы соңғы уақытта экономикасы дамып кележатқан аудандардың бірі. «Жұмыспенқамту», «Жол картасы» сынды бағдарламалар бойынша бөлінген қаржының біразбөлігі осы ауданға тиесілі. Жобалар іске асып жатыр. Инвесторлар да ауданғақаржы салуға бейіл. Бұдан бөлек, 2018 жылдан бері ауданда «Қазақтану» жобасы дәріптеліп, елдіңбереке-бірлігінің маңыздылығы аудан тұрғындарына жиі айтылады. Ауданда қазақтыңмәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау, оған сыйласымды көзқарас қалыптасқаныналға тартқан мамандар «ендігі кезекте аудан атауын өзгерту дұрыс шешім болареді» дейді.
Осы мәселеге қатысты пікір білдірген саясаттанушы Әзімбай Ғали былайдейді: «Мен, әрине, мұны дұрыс депсанаймын. Шонжыдағы оқиға ұлтаралық емес дедік. Бұл тіпті жақсы. Қазақстан –федералды емес, унитарлы мемлекет. Сондықтан аудандардың, ауылдардың атауынэтникалық атаулармен қоюмен келіспеймін. Көпұлтты мемлекетпіз дейміз. Ондааудандарға әр ұлттың атауын берейік. Мысалы, мен өзімнің туған ауылыма барып,«ауылды менің руымның атымен атаңдар» деп айта алмаймын ғой. Сондықтан бұлжерде халықтың талабы орынды. Ауданның атауын өзгертіп, жер-су аттарымен немесе өзен-көлдердің атауымен атаған жөн».
Саясаттанушының пайымынша, ауданатауын өзгерту ұлтаралық тепе-теңдіктің сақталуына ықпал етеді. «Билік мұныескеруі керек. «Халық қаласа, хан түйесін сояды» дегенді қазақ бекер айтпайды.Елдің қалауы орындалуы керек».
Қазақтың дұшпаны– өзге емес, өзі
Негізінде, соңғы кезде бір бұл емес, елдің намысын жанитын түрліоқиғалар болып жатыр. Қордайдағы қақтығыс, Теңіздегі толқу, Ұйғыр ауданындағымәселелер, түсініспеушілік, бұзақылық – осы жайттарды саралау үшін біз біразмаманмен тілдестік. Мамандардың дені 130 ұлтты бір мемлекеттің аясына ұйыстырудананағұрлым зиян шекпейтінімізді, мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде үнеміөзіндік мүддеміз айқын екенін баса айтты. Бұған қатысты деректерге жүгінсек, 1926 жылы Қазақстан халқының 87 пайызын мемлекет құрушы ұлт ретіндеқазақ халқы құраған. Кеңес Одағының солақай саясатының салдарынан бұл көрсеткіш50-жылдары 28 пайызға дейін төмендеген. Ал 1991 жылы 42 пайызға жетіп,бүгінде бұл меже 70 пайызды маңайлап отыр. «Әттеген-айы – арамызда қазақтығымызды аяқтан шалып жүрген қазақтардыңөздері де бар» деседі сарапшылар.
Бұл ретте әлеуметтанушыАйдос Еребек былай дейді: «Қазақ мәселесі туралы сөз еткенде мынадай бірмысқыл сөз ойыма оралады. Бір қазақ суға батып бара жатып «құтқарыңдар» депайқайласа, әлгіні сыртынан көріп тұрған екінші қазақ «сені құтқарсам, «мынауөзінің қазағына көмектесіп жатыр» деп өзге ұлт өкілдері ренжиді, сондықтанменен қайран жоқ, қарағым» деп, қарап тұр дейді. Міне, бұл ащы да болса шындық.Астарында бүкіл бір ұлттың бейнесін айқындайтын зіл жатыр. Қазір бізкөпұлтты мемлекет болудан ешқандай зиян шекпейміз. Бірақ қазақтың сол өзгеұлтқа жалтақтығынан есеміз кетуі мүмкін».
Расыменде, маман сөзінің жаны бар. Біз, мысалы, орыс ұлтының екі азаматы арамызда отырса,бүкіл қазақ орыс тілінде сөйлеп кетуді әлітоқтатқан жоқпыз. Арамызда өзінің тілін, дінін, ділін ажырата білмейтін қазақтардыңбар екені де шындық. «Қазақ мемлекетіне нақ қазір сырттан, өзгеден келетінқауіп жоқ. Бізге өз ішіміздегі ұлттық құрылысымызды, ұлттық құрамымыздызерттеп алған жөн. Олай етпесек дінін шатастырып, тілінен безініп, діл дегендімүлде ұқпай жүрген қазақтардың біразының әрекеті болашақта іргеміздісолқылдатпасына кім кепіл?! Сондықтан бұл мәселеде өз ұлтымыздың кемшілігін,жетіспей жатқан дүниелерін іздеп, олқылықтарымыздың орнын толтырған жөнболар. Бізге алдымен осы мәселені шешуді ойластыру керек. Ол үшін ұлттық идеологиямыздынығайтуымыз қажет. Сондықтан ең абзалы ұлттың құрылысын, құрамын, құндылықтарынзерттейтін орталықтар ашылғаны жөн», – дейді әлеуметтанушы Айдос Еребек.
Бұған қоса, соңғы кездерде «береке,бірлік» деген қасиетті сөздерге «көпұлтты Қазақстан» деген тіркестің қоса тіркелгеніналға тартқан мамандарымыз «еліміздегі қазақтың бірлігі болмаса, басқалардың ахуалыодан да мүшкіл болуы әбден мүмкін, сондықтан біз үшін қазір қазақ мықты болмай,мемлекет мықты болмайтынын мықтап түйсіну керек» дейді. Ал мықтылық дегеніміз бір-бірінежұдырық ала жүгіріп, кіжіну емес. Мықтылық деген қазіргі заманға сай, бәсекегеқабілетті саналы, білімді, өркениеті жоғары салиқалы ел болып қалыптасу екеніайтпаса да түсінікті.
Тақырыпқа тұздық
Қазаққа отарсыздану туралыбағдарлама қажет
Тақырыпқа орай, «Жас Алаш» мемлекет жәнеқоғам қайраткері Амангелді Айталының пікірін білді:
– Қордайдағықақтығыс дүнген ауданы болғаннан кейін ушыққан жоқ. Оның арғы астары менсебептері бар. Ұлт мәселесін саралағанда тереңірек үңілу керек. Ауданның атынөзгерткенмен, сол ауданның адамдарының санасы, ұстанымы, көзқарасы өзгере ме?!Мәселе осында. Меніңше, барлық мәселе аудан атауын өзгертуде ғана жатқан жоқ.Қазақ халқының бойында кеңестік дәуірден қалған бұрынғы отарлау саясатыныңқалдықтары қалып қойған. Сондықтан қазаққа қазір отарсыздану туралы бағдарламақажет. Сол бағдарлама аясында Қазақстандағы барлық диаспораларға қазақтыңсалт-дәстүрін, тілін, мәдениетін сыйлата білуіміз керек. Бұл «өзге ұлттықазақтың аузына қаратып қою керек» деген пікір емес. Ол тәрбие құралы болуқажет. Ал қазақ «сен мені сыйлауың керек» деп тәкаппарланып тұрмай, оларға ізетбілдіріп отыру керек. Іштегі қыжыл, менмендік, жалған күрескерлік, бөлінутәрізді осал әрекеттерден аулақ болған жөн. Әр шаңырақтың өзінің иесі болатыны сияқтықазақтай халықты, яғни үлкен шаңырақты сыйлатсақ, кіші шаңырақтағылар да етек-жеңінжиып, көзқарастары өзгереді. Ұлтсаясатының негізгі концепциясы осы болуы тиіс.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,
«Жас Алаш»