Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:57, 05 Қыркүйек 2019

«ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» байқауына шығарма қабылдау жалғасуда

Қапы қалмаңыз,қадірменді қаламгер! Қазақ прозасындағы қала тақырыбын тереңдей игерумақсатында осымен екінші жыл өтіп жатқан «ҚАЗАҚ ПЕН ҚАЛА» прозалық байқауынашығарма қабылдау жалғасуда.

Қатысам деушілер төмендегі шарттарға сәйкес келетіншығармаларын жолдауы тиіс.

Байқаудың шарттары:

— Байқауғақатысушылар әдебиет пен мәдениеттің орталығы – Алматының бүгінгітыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген прозалықшығармаларын жолдай алады;

— байқау, жалпы,қала прозасына арналғандықтан, қала атының нақты аталуы шарт емес;

— прозалықшығарманың көлеміне Times New Roman қарпі, 14 кегль өлшемі бойынша (1 жоларалықөлшем) 25 беттен аспауы керек:

— байқауға лақапатпен ұсынылған шығарма қабылдандайды;

— байқауғажолданған шығарма авторы суреті мен қысқаша өмірбаянын таныстырылым үшін жазыпжіберуі шарт;

— байқауғаұсынылған шығарма бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс;

— байқауға қатысушылардыңжасы 45 жастан аспауы керек.

Шығармаларды қабылдау 1 қазанға дейін жалғасады.

Байқаужеңімпаздарын елге белгілі әдебиетшілер мен ақын-жазушылардан құрылған қазыларалқасы анықтайды.

Байқауғаұсынылған шығармаларды бағалау кезінде олардың:

көркемдікдеңгейінің жоғары болуы;

қала прозасыжанрына қойылатын талаптарға сай болуы;

қала адамыныңпсихологиясы мен қала көріністерінің сенімді суреттелуі;

әріптік жәнестильдік қателіктердің болмауы талап етіледі.

Талапқа сай емес немесе көркемдік деңгейі төменшығармалар іріктеуден өтпейді.

Байқауға ұсынылатын шығармалардың тақырыптықауқымы:

байқауқатысушыларына тақырыптық шектеу қойылмайды; қала, урбанизация, урбанистікмәдениет тақырыбына арналған кез келген шығарма қабылданады.

Соның ішінде:

қазақ пен қала;

тарих толқынындағы қала;

бүгінгі қала тіршілігі;

қаладағы жастар өмірі;

қазақтың қалаға бейімделуі;

урбанизация;

қала мәдениеті;

қазақ ұғымындағы қала мен шынайы өмірдегі қала («қала –қазаққа жау»; «қала – қазаққа жанашыр» т.б.);

қалада туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;

ауылда туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;

қылмысты қала (детектив), т.б.

Байқауға қатысу үшін:

шығармалар компьютерде теріліп, Times New Roman қарпі, 14кегль өлшемі бойынша (1 жоларалық өлшем) жазылып, электронды нұсқада тиістімекенжайға жолданады;

қатысушы аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі,электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпараттыэлектронды нұсқада қоса жолдауы тиіс.

Қосымша ақпарат:

байқауды әділ түрде өткізу мақсатында барлық талаптарға сайжазылған шығармаларды оқырмандар «Жас Алаш» газетінен оқи алады. Жоғарыдакөрсетілген өлшемге сәйкес, алты беттен аспайтын шығармалар газет бетіне, алтыбеттен асатын шығармалар газет сайтына жарияланып отырады. Бұл өз кезегіндеқазылар алқасының әділ шешім шығаруына және байқаудың ашық түрде өткізілуінеықпал етеді.

Байқау жеңімпаздары анықталған соң, байқауға қатыстырылған(газетте жарияланған) барлық шығармалар жинақталып, прозалық жинақ шығады.

Үміткерлершығармаларын «Қазақ пен қала» байқауына қатысу үшін!» деген ескертпемен zhasalash2017@gmail.comэлектрондыпоштасына жолдайды.

Байқау қорытындысы марапаттау рәсімінде ғана жарияланады.Марапаттау Алматы қаласында өтеді (өзгерістер болса арнайы хабарланады). Байқаужеңімпаздары анықталған соң, авторлар жеке хабарландырылады.

Мекенжай:

050044, Алматы қаласы

Достық даңғылы 97/Б үй, 7/3 кеңсе

Республикалық «Жас Алаш» газеті

Телефондар:

Қабылдау бөлімі – 8(727) 346-89-54

Электронды пошта: zhasalash2017@gmail.com

Тегтер: