Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:46, 08 Шілде 2021

Қазақ тағы саясаттың құрбаны болды

None
None

Дамыған елдің екпелерін әкелсе, қарсы болмас едік

      «Гватемала «Спутникке» төлеген ақшасын кейін қайтаруды талап етіп жатыр. Дер кезінде тауарын жеткізіп бермегені үшін. Жалпы, былай болған сияқты: Ресей осы вакцинаны да саясатқа айналдырып, бірінші болуға тырысып, толық тексеруден өткізбеген, салдары белгісіз препаратты айналымға шығарып, неғұрлым көбірек елдерге сатуға тырысқан. Жанталасып әркіммен келісімшарттарға отыра берген. Ол шартты кейін орындай ала ма, жоқ па, оған қарамаған», – деп жазды фейсбуктегі парақшасында сарапшы Қуаныш Еділхантегі.

               Қорытындысы не болды?

      РФ-ның өзінде дұрыс өндіріс жоқ, барының қуаты жетпейді, содан келіп келісімшарттарын орындай алмай жатыр. Уфадағы негізгі фармацептикалық зауыттан шу шыққан, онда өндірілген препараттардың стерильдігі күдік туғызып отыр. Бұл – бір жағы. Екіншіден, препарат толық тексеруден өтпеген, соңғы нәтижесі не болып шығары белгісіз. Оның үстіне «Спутник» екпесін алғандардың қайта ауырып қалғандары да жетерлік екен. Ол жөнінде нақты мәліметтер жасырын. Алайда Ресей дәрігерлерінің өз ішінде де осы екпеге қарсылар көп-ақ.

       Әркімнің денсаулығы өзіне ғана керек, бұл жерге саясатты араластыру тіпті орынсыз-ақ. Соған қарамастан, біздің үкіметтің жанталасуы, әлі өндіріске шықпаған «Спутникке» бірінші барып «құда» түсуі, үш еседен астам қымбатқа алуы (егер фб-дағы кейбір мәліметтерге сенсек), енді келіп артық алынған сол препаратты іске қосу үшін зорлап екпе алдыруға итермелеуі тіпті ақылға сыймайтын, моральға жат нәрсе. Өкінішке қарай, бұған тоқтам салатын да ешкім болмай тұр, өйткені осының бәрін ұйымдастырушы – биліктің өзі.

Әлі де кеш емес. ДСҰ-мен келісілген, тиімділігі зертханалық жағдайда тексерілген, дамыған батыс елдерінде қолданылып жатқан «Пфайзер», «Модерна» екпелерін әкеліп ексе, бәріміз де сол екпені алуға қарсы болмас едік. Әйтпесе бірде-бір тиянақты бітірген ісі жоқ мынадай үкіметке қалайша сенуге болады?

Тегтер: