Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:28, 16 Ақпан 2023

Қазақ тілін реформалау – маңызды қадам

None
None

Қазақ тілінің қолданыс асын кеңейтіп, тіл саясатын іске асыру қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Бұл мәселеге қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді реформалау және жаңалау қажеттілігі жөнінде баяндаған болатын.

Мемлекет басшысы баяндамасында Тіл реформасының басты мақсаты – даму бағытымыздан ауытқымай, оған тың серпін беру» дей отырып, «Біз қазіргі саяси жүйені реформалаудың маңызды қадамын жасап жатырмыз. Саяси бастамалардың алғашқы топтамасы мемлекет тарапынан нығайтылды».

Осы орайда, елімізде жыл сайын қазақ тілінің үстемін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» тақырыбында байқаулар өткізіп келеді. Бұл жастардың қазақ тілін құрметтеуіне үлкен септігін тигізіп келеді десек артық емес. Сондай-ақ өңір-өңірлерде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Мәселен, барлық облыста Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттары ретінде көрнекі ақпарат пен жарнама тілін реттеуге  қатысты жұмыстар жүргізіліп келеді. Яғни, онда көшедегі қатеден көз ашпайтын қазақ тіліндегі қателер мен калька аудармаларға қатысты жұмыс басты назарға алынған. Осы орайда, жуырда ғана Жетісу облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен облыстық кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде меморандумға қол қойды. Яғни, онда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» және «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодекстерін басшылыққа ала отырып, жаппай ақпарат саласындағы ынтымақтастық пен ел бірлігінің басты факторы ретінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге қатысты жұмыстар жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ мемлекеттік тілді реформалауға қатысты да Мемлекет басшысы сөзінде: «Латын әліпбиіне көшу туралы да баса айтқым келеді. Оның үстіне бұл мәселе ұлттық кеңесте де айтылған болатын. Сол себептен, бұл мәселеде асығыстыққа жол берілмейді. Сондықтан да жаңа әліпбиді енгізудің барлық аспектілерін мұқият тексеру, жан-жақты талдау және пысықтау қажет. Бұған дейін ұсынылған нұсқалар жетілмеген болып шықты, сондықтан бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан қарау қажет. Біз тек кириллица алфавитін латын әліпбиіне көшіру туралы айтып отырған жоқпыз. Егер тілімізді жаңғыртқыларыңыз келсе, бізге қазақ тілін реформалау қажет» деген болатын. Ел президентінің сөзіне орай, қазақ тілін реформалауға да қатысты әр өңірдің кітапханаларында «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа сенімді қадам» атты бейнежурналдар оқырмандарға таныстырылуда. Әлі де қазақ тілін реформалауға қатысты жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз.

Тегтер: