Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:34, 03 Мамыр 2021

Қазақ жұрты композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевты ақтық сапарға шығарып салды

None
None

Қазақ жұрты бүгін белгілі композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевты ақтық сапарына салды.

Аңыз тұлға, елдің еркесі, құрметті азаматы 82 жасына қараған шағында өмірден озды. Өз ғұмырында қазақты өміршең әнімен тербеп кетті. Бірігей туындылары алтын қордан орын алды. Өшпес ізі қалды. Қаралы жиында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып беріп, оны марқұмның баласы Біржанға табыстады.

«Ескендір Өтегенұлының өмірден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Ескендірдің қоңыр дауысты, әнші және жан тебірентерлік әндер шығарған композитор ретінде халқымыз өте жақсы көрген еді. Ұзақ жолғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, отандық музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі өте мол», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.«Оның шығармашылығы, дауысы, үні, жазған әндері алтын қорда мәңгілікке сақталады. Менің оған күмәнім жоқ. Бүгінгі барша келген ағайындарға, дәрігерлерге, жолдастарымызға анам екеумізді осындай қиын жағдайда келіп отырғандарыңызға алғыс айтамын», – деді Ескендір Хасанғаливтың ұлы, әнші Біржан Хасанғалиев.

Қоштасуға келгендер алдымен жұбайы Дарико Хасанғалиеваға көңілге демеу болар сөзін арнап, қайғысын бөлісті. Өнерге жоғары талғаммен қарайтын Ескендір Хасанғалиевтың өмірдегі қарапайымдылығы мен азаматтығын сағынышпен еске алды.

Ал, оның денесі Алатаудың етегіндегі Кеңсай зиратынына жерленді. Қоштасуға жиналғандар өнер иесінің төл құжатына айналған туындысымен шығарып салды.

Тегтер: