«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

30.07.2020, 13:14

44

     

      «Қазақмыс»корпорациясы «Кәсіп қорған» кәсіподақ бірлестігінің  бұрынғытөрағасы  Тоғызбай Тажбенов өмірден озса да, оның ісі сотта қаралатынболды.

      Еске салакетсек, Жезқазған қаласында  былтыр 21 қазанда «Қазақмыс» корпорациясыныңтау-кен байыту кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұловтың кабинетіндежанжал туындаған. «Кәсіп қорған» кәсіподақ бірлестігінің төрағасы ТоғызбайТажбенов бастықтың кабинетіне кіріп келіп, оған қарсы оқ атқан. Алайдабағытталған оқ тимеген. Мылтық даусы шыққан соң, кабинетке бөлім бастықтарыСабыржан Тембаев, Төлеген Пішембаев, Владимир Лян кіріп келген. Олар жабылыпжүріп Тажбеновтің қолындағы мылтықты тартып алған. Осыдан кейін  ТоғызбайТажбенов бастығы Амангелді Мініғұловтың арқасына пышақ сұғып алады. Соныменқатар жанжал барысында кәсіподақ төрағасы  өздерін  арашалап жүргенСабыржан Тембаевты да   ішінен  пышақпен жарақаттаған. Осыданкейін ол өзінің жүрек тұсына пышақ сұғып, сол жерде көз жұмған болатын.Бастықтың кабинетіндегі қанды оқиға жұртты дүрліктірді.

     Амангелді Мініғұловпен Сабыржан Тембаев ауруханада біраз жатып ем алып шыққан. «Қазақмыс»корпорациясы тау-кен байыту кешені бастығының тергеу орындарына берген ақпаратыбойынша,  жанжал жұмысшылардың кәсіподақ төрағасының жұмысына көңілдері толмағанынан шыққан.  Тергеуші күдікті қайтыс болған соң,  істі жаппақ болыпты. Алайдақаза болған кәсіподақ төрағасының  жақындары тергеу мәліметіменкеліспеген. Олар Тоғызбай Тажбеновті «қылмыс жасаған жоқ,  керісінше,жанжал кезінде құрбан болды» деп есептейді. Сол себепті олар істің соттақаралуын сұраған.

     Күдіктіретінде тіркелген марқұм Тоғызбай Тажбеновтің атынан сотқа оның ұлы менадвокаты қатысады. Кәсіподақ төрағасының ұлы әкесінің кінәсіз екеніндәлелдегісі келеді. Облыстық соттың баспасөз қызметі бұл істің сотқа түскенінрастады. Дегенмен толық ақпаратты сот аяқталған соң ғана жариялайтынынжеткізді.

АрайлымЕРКЕБАЕВА

Қарағандыоблысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 13:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 12:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 13:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 13:05
Диқандар неге ашулы?
29.07.2020, 13:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады
29.07.2020, 13:10
3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38