Қазақстан 2023 жылы 101 әдеби шығарманы басып шығаруды жоспарлап отыр - министр

2023 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 101 әдеби туынды басып шығаруды жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда 35 түрлі қолжазбалар алынды. Бұл шығармалар бұрын-соңды жарияланбаған. Осылайша, министрлік отандық қаламгерлерге қолдау көрсетуде. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желіде жарияланған «Тікелей эфир» айдарында Мұрағат комитетінің Баспа ісі және құжаттама басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет мәлім етті:
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сараптама комиссиясы қарайды. Комиссия кітаптың көркемдік құндылығын, өзектілігін және басып шығарудың мақсаттылығын бағалай отырып, өз үкімін шығарады. Сарапшылардың мақұлдауын алған жұмыстар ведомствоаралық комиссияның шешімімен басылатын кітаптар тізіміне енгізіледі. Өтініштер жыл сайын және балалар мен жасөспірімдер әдебиеті, мәдениет және өнер туралы әдебиеттер, анықтамалық-энциклопедиялық әдебиеттер, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, қоғамдық-саяси әдебиеттер, аударма әдебиеттер, мерейтойлар мен атаулы даталарға арналған әдебиеттер сияқты жанрлар бойынша қабылданады», — дейді ол.
Ол өткен жылы 506 мың дана таралыммен 188 атаудағы кітап шыққан болатын. Олардың барлығы Қазақстанның мемлекеттік кітапханаларын толықтырды. Ал «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясының кітаптары мақсатты аудитория тарапынан жоғары бағаланды.