«Қазақстан- 2050»: Алматы Тәуелсіздігіміздің төл бесігі

Алматы – еліміздегі ірі қала, Қазақстан Тәуелсіздігінің төл бесігі. Дәл Алматыда біздің Ата Заңымыз қабылданған.
Мемлекеттік рәміздер бекітіліп, елдің маңызды тағдырлық шешімдері іске асырылды.
Бүгінгі таңда Алматы Қазақстанның ірі экономикалық орталығы.
Бүгінгі күннің өзінде еліміздің көлемінде Алматы елдегі ЖІӨ 20,9%-ын, барлық салық және салықтық емес түсімнің 32%-ын, барлық сауда операцияларының 41%-ын, еліміздегі жұмыс жасайтын халықтың шамамен 15%-ын жұмыспен қамтамасыз етеді. Қаланың үлесіне бөлшек және көтерме сауда тауар айналымының барлық депозиттер көлемі мен несиелерінің 40% тиесілі.
Орталық Азия өңірінің ірі және барынша дамыған мегаполисі бола отырып, Алматы халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен ірі компаниялар өкілдерінің орналасқан орталығына айналды. Халықаралық ынтымақтастық үшін Еуразиялық экономикалық одақ және дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде халықаралық ынтымақтастық үшін едәуір мүмкіндік беріліп отыр.
Халықаралық зерттеулердің көрсеткеніндей, бүгінгі таңда планетаның тұрғындарының жартысы қалаларда тұрады. 2030 жылға таяу қала халқының үлесі 60% немесе 5 млрд. адамды құрайды. Қала – әлемдік экономикалық өсудің және өнімділіктің негізгі двигателі. Нақ осы қалалар ірі ресурстарды тұтынушылар және ауаға бөлініп шығатын газдардың көздері болып табылады. Сондықтан планета тұрғындары көпшілігінің әл-ауқаты қалалардың дамуына байланысты болады.
Ғаламдық контексті және дамудың қазіргі заманғы тенденцияларын ескерсек Алматының негізгі міндеті – қалалықтар үшін өмір сүрудің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның экономикалық өсімінің негізгі драйверлерінің бірі болып алдағы уақытта да қала беру. Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясында алға қойған 2050 жылға таяу әлемнің айрықша бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөніндегі ауқымды мақсаттарына қол жеткізудің өзекті факторы болуы тиіс.
Бағдарламада негізгі көрсеткіштер, қағидалар және басымдықтар, сондай-ақ мақсаттарға қол жеткізу құралдарының тетіктері тұжырымдалған.
АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТЕРДЕ
Бүгінгі таңда Алматы әлем мегаполистердің ғаламдық бәсекесіне қатысуда, бұл көптеген беделді халықаралық рейтингтерде көрініс табуда.
Экономикалық индикаторларды бағалайтын индекстерде (макроэкономикалық көрсеткіштер – ІӨӨ-нің өсуі, инфляция, жұмыссыздық және т.б. капиталды тартуға, бизнесті дамытуға қабілеттілік) Алматының дамуы орташа мегаполистердің деңгейіне сәйкес келеді.
«GlobalFinancialTimes»-тің бағалауы бойынша Алматы инвестициялық тартымдылығы бойынша 83 қаланың арасынан әлемдік рейтингте 51 орынды иеленеді, ал «FinancialPost» баспасының деректері бойынша біздің қаламыз экономикасы барынша қарқынды дамушы 96 қаланың ішінен Топ-10 қаланың құрамына енді.Беделді The Economist баспасының сарапшылары берген бағасына сәйкес, 2025 жылға қарай Алматы капиталды, технологиялар мен білікті мамандарды тарту бойынша әлемдегі бәсекеге қабілетті жүз қаланың құрамына енеді.
«DoingBusiness» Дүниежүзілік Банкінің индексіне сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан 189 елдің арасынан Алматының экономикалық көрсеткіштерінің негізінде 41 орынды иеленуде.
Сонымен бірге, әлеуметтік ортаның рейтингісі бойынша орташа қалалардың деңгейінен баяу артта қалатыны байқалуда.
Айталық, «Mercer» өмір сапасының негізінде Алматы 230 қаланың арасынан 175 орынды, ал «Economist Intelligence Unit» өмір сапасы индексінде 140 мегаполистің арасынан 100-ші орынды иеленіп отыр.
Инфрақұрылым мен экология көрсеткіштері бойынша Алматы әлемнің дамыған қалаларынан едәуір артта қалуда. Сонымен, «Mercer» инфрақұрылымының индексінде 230 қаланың ішінде 172 орынды иеленген, «Numbeo» ластану деңгейінің индексінде – 297 қаланың ішінде 214 орында тұр.
Сонымен бірге, Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуда өсудің жақсы динамикасын көрсететін болса, инфрақұрылымдық даму және экология саласында көрсеткіштерді сапалы жақсарту бойынша жүйелі шараларды қабылдау қажет.
Алматы қаласын дамытудың пайымы
Адам өмірі мен қызметіне жайлы, туристерді, жүк тасымалын, инновациялық бизнес пен капиталды тарту орталығы болып табылатын халықаралық деңгейдегі заманауи қала.
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізі ретінде
Бағдарламаның 5 қағидасы белгіленді:
- Әрбір адамға қамқорлық
- Озық тәжірбиелер негізіндегі тиімді және үнемді шешімдер
- Экономиканың қозғаушы күші ретінде бизнесті ынталандыру
- Азаматтық қоғамды мүмкіндігінше тарту
- Жергілікті органдардың есептілігі мен жариялылығы
Мегаполистің даму деңгейі мен мүмкіндігі талдау негізінде
ДАМУДЫҢ 7 НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫ:
- Жайлы қала
- Қауіпсіз қала
- Әлеуметтік бағыттағы қала
- Экономикалық тұрақты қала
- Бизнес пен жеке капиталға арналған қала
- Интеграцияланған қала
- Белсенді азаматтар қаласы
Әлемдік деңгейдегі дамыған мегаполис ретінде қалыптасуда Алматы әлемнің алдыңғы қатарлы қалаларының тәжірибесіне сүйенеді.
Жан басына шаққанда ІАӨ (5,25 млн. теңге яғни – 29 мың долл.) Алматы Куала-Лумпурдан (28 мың долл.) алда, әйтседе Мәскеуден (46 мың долл.) 60 %, Варшавадан (49 мың долл.) 70%-ға төмен.
2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 50% немесе 7,9 млн. теңгеге көбейту жоспарлануда.
Қаладағы 1 жұмысқа жарамды жанның еңбек өнімділігі 10,7 млн теңге немесе 59 мың долл., бұл Варшавадан (38 мың долл.), Куала-Лумпурдан (38 мың долл.) және Мәскеуден (43 мың долл.) әлдеқайда жоғары.
2020 жылы еңбек өнімділігі 50% өсіп, 16,4 млн. теңгеге жетеді.
Жұмыссыздық деңгейі 5,6% құрап, Варшавадан (5%) 0,6% Мәскеуден 3 есе, Куала-Лумпурдан 2 есе, Бостоннан 1,4 есе жоғары.
2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 5% төмендету көзделген.
Алматының шетелдік инвестиция көлемі (420 млн. долл.) Куала-Лумпурдан 4 есе жоғары, ал Варшавадан (900 млн. долл.) 2 есе және Мәскеуден (11,5 млрд. долл.) 27 есе кем.
2020 жылы шетелдік инвестиция көлемі 19% артып, 500 млн. долл. өсуге тиіс.
Жолаушылар тасымалындағы қоғамдық көліктің үлес салмағы Алматыда соңғы жылдары 25%-дан 32% дейін өсті. Алайда, бұл Торонтодан (46%) 44%, Варшавадан 1,5 есе, Мәскеуден (60%) 2 есе кем.
2020 жылы қоғамдық көліктің үлес салмағы 50 пайызға дейін өсуі тиіс.
Электр шығынының деңгейі Алматыда соңғы он жылда 19 пайыздан 15 пайызға дейін төмендеді, мұның өзі Будапешттің (12%) көрсеткіштеріне сәйкес келеді, алайда Мәскеудегіден (10%) үш есеге көп және Торонтодағыдан (8%) 2 есеге көп.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету 2010 жылдан бастап 15 ш.м-ден 25 ш.м-ге дейін өсті, мұның өзі Мәскеудегімен салыстырғанда 32 пайызға көп, бірақ Будапештегімен (41ш.м.) және Куала-Лумпурдағымен (43 ш.м.) салыстырғанда 65-70 %-ға аз.
Халықтың 2020 жылға таяу едеуір ұлғаятынын ескеріп, осы көрсеткішті ағымдағы деңгейде сақтау қажет.
Ауаның ластануының деңгейі 194-тен 140 мкг/текше метрге дейін төмендеді. Сонымен бірге осы көрсеткіш Мәскеудегімен және Варшавадағымен (36 мкг/текше метр) салыстырғанда 4 есеге жоғары.
2020 жылы ауаның ластануының көрсеткіші 36 мкг/текше метрге дейін төмендету жоспарланып отыр.
Жасыл желектердің көлемі бір адамға есептегенде 12 ш.м. құрайды. Осы көрсеткіш бойынша Алматыны Куала–Лумпурмен салыстыруға болады, бірақ Варшавадағымен (414 ш.м.) салыстырғанда 3,4 есеге және Мәскеудегімен салыстырғанда 11 есеге артта қалуда.
2020 жылы жасыл желектердің көлемін 1 адамға есептегенде 12,5 ш.м-ға ұлғайту жоспарланып отыр.
Қолайлы жағдайлар жасалған қала
Сапалы жолдар
2020 жылдың Дүниежүзілік экономикалық форумының есебі бойынша Қазақстан 144 елдің арасында автомобиль жолдарының сапасы жағынан әлемдік рейтингте 117 орынды иеленеді. Сарапшылар Қазақстандағы жол төсенішінің сапасын 7 мүмкін балдың 2,7-не бағалады. Қаланың даму бағдарламасы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін ұлғайтуды мақсат етіп отыр, ол 2020 жылы 80 %-ға дейін жеткізіледі (2014 жылы — 65%).
Сапалы жол желілерін дамытуды бағдарламада қала жолдарын кешенді түгендеу картасының негізінде қалыптастыру қарастырылған.
Жол инфрақұрылымы нысандарының құрылысы туралы шешімдер құрылыс/жөндеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде олардың өткізу қабілетін арттыруға жасалған талдаудың негізінде қабылданады. Сондай-ақ бағдарламада жаңадан қосылған аумақтардың жол желілерімен қамтамасыз етілуін ұлғайту қарастырылған.
Таза қоршаған орта
Алматы қоршаған ортасы қазіргі әлемдік талаптарға сай келетін адамдардың өмір сүруіне қолайлы қала болуға тиіс. Атмосфераның ластану деңгейі 140 мкг/м3-дан 36 мкг/м3, қаланың ІАӨ-нің энергосыйымдылығы 2020 жылы 0,3 шжт/млн. долл. болады.
Осыған орай ауаға тарату көздерін мониторингілеу мен табиғат қорғау полициясының қызметін жандандырып, кәсіпорындардың ауаға таратуын төмендету бойынша шараларды қабылдауды Қазақстанның экологиялық кодексі нормаларына енгізуді қамтамасыз ету қажет. Жеке тұрғын үйлерді газдандыру, ЖЭО-тарда тазартушы қондырғыларды монтаждау, шағын және орта қазандықтарды табиғи газға немесе электр қуатына ауыстыру жоспарлануда.
Инвесторларды тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу мен кәріз тазарту бойынша қуат көздерін қалыптастыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде қалдықтарды қайта өңдеу 2020 жылы 5%-дан 40%-ға дейін өсуі тиіс.
Қаланы көгалдандыру бойынша ландшафтық дизайн, жасыл-желектерді отырғызу мен күтім саласының тиісті мамандары тартыла отырып, жүйелі шаралар іске асырылады, жасыл аймақтарды заңдастыру мен түгендеу жүргізіледі, қажетті суару желілері салынады және т.б.
Сайран көлі, Бас ботаникалық бақ, Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Алматы хайуанаттар бағы және басқа да жасыл аймақтарды жаңарту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қала аумағын су басу мәселесін шешу үшін өзен арналарын жаңарту, су қорғау аймақтарын көріктендіру, арық желілері мен нөсер кәріздерін салу жалғастырылады.
ТКШ сенімді инфрақұрылымы
Алматы қаласының жылу энергетикалық кешенінің жаңаруы мен дамуы тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуына орай қаланың жылу және электр энергиясына деген сұраныстың өсуімен байланысты.
Инженерлік желілердің орташа тозуы 60-70%-ды құрайды.
Осы мәселелерді шешу үшін қайнар көздер мен инженерлік желілер жаңартылады. 2020 жылға дейін тозу үлесін төмендету жоспарлануда: сумен жабдықтау желілері бойынша – 64,5 %-дан 56%-ға дейін; су бұру — 62%-дан 54%-ға дейін; жылумен жабдықтау — 65%-дан 57%-ға дейін, электрмен жабдықтау — 69%-дан 65%-ға дейін.
Бүгінгі таңда орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесіне қолжетімділік 95%-ды құраса, ол 2020 жылы 100% көрсеткішке жеткізіледі. Суды әкету бойынша – 77%-дан 86%-ға, жылумен қамтамасыз ету бойынша – 77%-дан 81%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында энергия үнемдеу саласы бойынша ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын азайтуды 2020 жылға дейін 25%-ға жеткізу міндеті қойылған. Жоспарланған энергия үнемдеу шаралары осы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған.
Сонымен қатар, электр қуаты саласына жаңа тарифтік саясат енгізу жоспарланып отыр. Осы салаға инвестиция ынталандыру арқылы тарифтің құрылымын өзгерту қарастырылып отыр.
Заманауи технологияларды қолдану арқылы кәріздік тазалау желілерін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
«Ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасы
«Ақылды қала» (Smart City) тұжырымдамасын іске асыру жаңа үрдістің бірі болып табылады. Қала басқаруына ақпараттық технологияларды қолдану, Smart технологиясын енгізу Алматы қаласының басты сипаттамасы болып табылады.
Жобаның мақсаты өмір қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, инфрақұрылымдар мен инвестициялық тартымдылықты арттыру, көлік және экологиялық мәселелерді шешу, энергия мен суды қолдану тиімділігін, коммуналдық қызметтер және ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қызмет көрсетуге пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.
«Ақылды қалаларды» жүзеге асырудың тиімділігі мен заманауилығы әлемде іске асып жатқан мысалдармен расталады. Лондонда қоғамдық көліктің кешігуі 40 %-ға қысқартылды, жол сиымдылығы 15 % артты, зиянды заттардың ауаға таралуы 25% қысқартылды. Жылуды пайдалану 25% қысқартылды, көшені жарықтандыру шығыны 40%, электр және жылу үшін орташа есеппен 20 %-ға, ал ЖКО саны 20% қысқартылды.
«Ақылды қала» тұжырымдамасының халықаралық тәжірибесінің есепке алынуы қаланың өндірістік үдерістері мен қызметтерінің едәуір трансформациясын талап етеді. Трансформация үдерістерді оңтайландыру бойынша ұйымдастыру кешенін қайта қарау, қаржыландыру жолдары мен қызметтер стандарттарын, сондай-ақ ықпалдастырылған ақпараттық жүйелерді енгізуді қамтыған 3 жылдан 7 жылға дейін созылады.
Сапалы денсаулық сақтау
Қалалық биліктің күш-жігері пациенттер үшін кері байланыс тетіктерін (электрондық портал, колл-орталықтар, сенім телефондары) енгізу жолымен медициналық қызметтердің сапасын бақылауға бағытталады. Барлық емдеу үдерістерін стандарттаудың негізінде басқару жүйесі жаңғыртылатын болады.
Сонымен бірге дуальды білім беру жүйесін енгізу арқылы медбикелер қызметінің сапасын жақсарту жоспарланып отыр. Мысалға, қалалық медицина колледжі мен медбикелік күтім ауруханасын біріктіру жүзеге асырылады.
Қаланың білім беру саласындағы тағы бір басымдық емдеудің жоғары технологиялық әдістерін арттыру болады.
Дәрігер мамандығының беделін арттыру маңызды бағытқа айналады. Бұл үшін жұмыс сапасын жеке бағалау, отбасылық жатақханаларды салу арқылы медициналық қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу сияқты дәрігерлерді көтермелеудің түрлі тетіктері енгізіледі.
Ауруларды ерте диагностикалау үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмекті (МСАК) дамытуға, сонымен ірге МСАК пен вертикальді қызметтердің (туберкулез, онкология, АИТВ/ЖИТС) интеграциялануына ерекше көңіл бөлінетін болады.
Денсаулық сақтау жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Жұмыс беруші, мемлекет және жұмыс жасайтын адамның өзі денсаулық үшін жауапкершілікті өзара бөлісуі тиіс. Осылайша, ортақ жауапкершілік қағидасы іске асырылады.
Геронтология және паллиативтік көмекті дамыту бағдарламалары енгізіледі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және диспансерлік науқастарға арналған бірыңғай оңалту орталығын құру жобасы іске асырылады.
Ана өлімінің және босандыруға көмек көрсетудің барлық ұйымдарында акушерлік асқынулардың ерекше жағдайларының құпия аудитін дамыту қолға алынады. Экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді ерте кезеңнен қамту және диспансерік бақылау қамтамасыз етіледі.
Бюджеттен тыс қаражаттарды тарту мақсатында күш-жігер мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін дамытуға бағытталатын болады.
Көрсетілетін қызметтердің ашықтығын жақсарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің қаржылық есептерін қоғамдық бақылау үшін жариялау тәжірибесі жалғасады.
2020 жылға қарай ана өлімі көрсеткіштері 100 мың тірі туылғандарға есептегенде 4-ке дейін, бала өлімі – 1000 мың тірі туылғандарға есептегенде 6,7-ге дейін, онкологиядан өлім-жітім – 10 мың онконауқастарға есептегенде 100-ге дейін төмендеуі тиіс.
Мәдениетті дамыту
Ұлттық тарихи-мәдени мұраның өнер саласындағы заманауи трендтермен үйлесімділігі қаланың мәдени келбетін айқындаушы рөл атқарады. Қаланың сәулетінде, оның келбетін қалыптастыруда ұлттық нақыш ескерілетін болады.
Мұражайларды дамытуға, қаланың жаңа Тарих мұражайын және Заманауи өнер мұражайының құрылысына едәуір көңіл бөлінетін болады.
Осы саладағы қызметкерлерді кәсіптік оқыту мен олардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Алматы қаласының мұражай қорларының электрондық базасын құру маңызды міндет болып табылады.
Қаланың билік органдарының күш-жігері қаланың жаңа келбетін және кітапханаларының форматын қалыптастыруға бағытталады. Олар шығармашылық үйірмелер мен коворкинг-орталықтар құру, сондай-ақ IТ-технологияларды кеңінен пайдалану есебінен ғылыми және шығармашылық даму орталықтарына түрлендірілетін болады.
Мәдени-бұқаралық іс-шараларға баратын қала тұрғындарының санын арттыру қолға алынады. Ең үздік әлемдік ұжымдардың түрақты негізде гастрольдері ұйымдастырылып, басқа елдердің мәдениет мекемелерімен тәжірибе алмасу жүзеге асырылады. Жыл сайын қаланың мәдени және тарихи өзіндік болмысын көрсететін және қаланың «ерекше белгісіне» айналатын бірнеше брэндтік іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған (мысалы, «Рио-де-Жанейродағы карнавал», «Венециядағы биеннале» және т.б.).
Жаңа секторларды серпінді дамыту
«100 нақты қадам» бағдарламасында Алматы қаласын әлемдік деңгейдегі жаңа әуежай, жаңа жол айрықтары және көлік магистралдары (оның ішінде ҮААЖ) құрылысын салу, сонымен қатар логистикалық қызметтерді дамыту, халықаралық көлік, логистикалық хаб ретінде дамыту қарастырылуда.
Туризмді дамыту қаладағы Универсиада-2017, басқа да халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар, сонымен қатар халықаралық көрмелер мен фестивальдар сияқты ірі халықаралық оқиғаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сол үшін Азиада-2011, сонымен қатар салынып жатқан мұз сарайы нысандары тартылатын болады.
Қаладағы қонақтарды хабарландыру мен туристерге ыңғайлы болу деңгейін жақсарту бойынша (сайттарды дамыту, ақпараттық орталықтар картасын құру, нысандарда QR-кодтарын орналасытыру, туристік жол бағдарларын құру, CityPass және басқа да шараларды ендіру) мақсатты жұмыстар жүргізіледі.
Алматы инновациялық кластерді дамыту үшін жақсы базалық инфрақұрылымға ие. Инновациялық кластерді дамыту шеңберінде ақпараттық технологиялар, білім және денсаулық сақтау саласына көңіл аударылады. Болашақта АЭА АТБ дамытуда ақпараттық технологиялар сегментінде білікті халықаралық мамандарды тарту, әртүрлі органдар мен мекемелердің қызметтерін оңтайландыру ұсынылады. «Инновациялық технологиялық бағына» ИТ-технологиялар, телекоммуникация және байланыс саласында инновациялық өнімдер мен қызметтерді шығаруға бағытталған ірі халықаралық компаниялар тартылады. Бақтағы қатысушылар саны 210-ға дейін артып, өндірілетін өнімдер көлемі 20,2 млрд. теңге құруы керек.
ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ҚАЛА
Көпорталықтық қағидасын ескере отырып, қосылған аумақтардың өмір сүру стандарттарын көтеру
Қаланы дамыту көп орталықтардың болуы қағидасына, яғни көлік жағдайын жақсартуға және қаланың барлық аудандарын бірыңғай дамытуға мүмкіндік беретін толыққанды және балама орталықтарды қалыптастыруға негізделетін болады.
Қосылған аумақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңдестіру үшін бірінші реттегі әлеуметтік нысандар құрылысы жалғасады (мектептер, балабақшалар, емханалар мен т.б.), сондай-ақ экономикалық өсудің жаңа нүктелері жасалады (Универсиада-2017 нысандары, Индустриалды аймақ, бизнес-орталықтар, сауда ойын-сауық орындары және т.б.).
Алатау және Наурызбай аудандарындағы баспана, жол, қоғамдық көлік желілері, электрмен қамтамасыз ету мен газдандыруға, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мен суды бұруға, жылытуға қаражат бөлінетін болады. Бұл осы аудандарда өмір сүру мен бизнестің дамуының тартымдылығын артуына ықпал жасайтын болады.
Қосылған аумақтар халқы мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи үлгілерімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қаржы қызметтеріне қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде қосылған аумақтардағы техногенді мәселелерге назар аударуды күшейту жоспарлануда.