Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:22, 11 Қараша 2022

Қазақстан барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығын қолдайды - Тоқаев

None
None

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатына басымдық беретінін айтты.

"Қазақстан барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығын қолдайды, сондай-ақ, БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау қажет деп санайды.

Бұл еліміздің негізгі мүдделеріне толық сәйкес келетін қажетті қағида. Сондықтан біз осы қағидаға басымдық береміз", — деді Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде.

«Тағы бір маңызды мәселеге тоқталғым келеді. Түркі мемлекеттері ұйымының қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді түрде дәріптеуіміз керек. Бұл – өте қажет нәрсе. Осы жұмысты елдеріміздің ішіндегі ақпарат құралдары және белгілі халықаралық агенттіктер аясында жүргізуге болады. Себебі, әлем қауымдастығы біздің түркі әлеміндегі ықпалдастықты нығайту үшін жасап жатқан ауқымды жұмысымыз туралы білуі қажет.

Шындығын айтсақ, жаһан жұртшылығы біздің ұйымның жұмысы туралы әлі де жақсы біле бермейді. Дегенмен, қазір Түркі ынтымақтастығы идеясы бүкіл әлемнің назарын өзіне аудара бастады. Түркі өркениеті туралы хабар беретін құнды деректер жер шарының түрлі аймақтары мен құрлықтарынан табылып жатыр.

Бұл – біздің елдерімізге ортақ құндылықтар. Сондықтан, қолда бар тарихи және тілдік деректерді жүйелеп, ретке келтіру маңызды міндет деп ойлаймын. Ғылыми институттардың және мекемелердің аясында белсенді жұмыс ұйымдастырып, оны әлем жұртшылығына кеңінен таныстыруымыз керек. Ұйымның жұмысы дипломатиялық саммиттер мен қорытынды құжаттары бар кездесулермен ғана шектеліп қалмағаны жөн. Түркі мемлекеттері ұйымы барша түркі әлеміндегі халықтарды жақындастыратын ықпалды орталыққа айналуы қажет деп санаймын» деді президент. 

Тегтер: