Қазақстан діни басқармасы Талибан қозғалысының діни-ұстанымына қатысты үндеу жасау керек

Қазақстан діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай Өтпенов әлемде террористік ұйым болып табылатын Талибан қозғалысының теологиялық діни-саяси ұстанымына байланысты ресми түрде үндеу жасау керек.
Себебі «ТАЛИБАН» экстремистік ұйымы діни рәсімде (фикхта) ханафи мазхабы, ал діни сенімде (ақидада) матуриди сопылық бағытын ұстанатынын баса айтқым келеді. Ал мүфтияттың әділет министрлігі бекіткен басты жарғысында негізгі дүниетаным ретінде ханафи мазхабы мен матуриди сенімі Қазақстан мұсылмандарының дәстүрлі діни жолы делінген.
2001-жылы мәжіліс депутаттары қабылдаған нормативті заңда «ханафи бағытындағы ислам мен православие қазақ халқының мәдениеті және дамуы яки рухани өміріндегі тарихи рөлі „туралы айтылған екен.Бұл діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңды қабылдаған кезде зайырлы қазақ халқының ой-пікірін елеп-ескеріп немесе ақылдасып- кеңескеніне үлкен күмәнім бар.
Себебі қалайша “ТАЛИБАН» сияқты террорлық ұйымдардың мазхабы (діни жолы) -қазақ ұлты мен мәдениетінің дамуы және рухани өміріндегі тарихи рөлі бола алады? Анығында ата-бабамыздың ұлттық мәдениеті мен мұрасы сүнниттік-шиғалық ұжымдық дін мен ХАНАФИ мазхабы емес, бір ТӘҢІР-ЖАРАТУШЫҒА негізделген түркілік дүниетаным болғанына тарих куә.Сондықтан да ресми мүфтият- ханафи бағытындағы сопылық жолды өзіне діни идеология қылған, яғни бүкіл әлем қауымдастығы мен Орта Азияға қауіп төндіріп отырған«ТАЛИБАН» ұйымы туралы нақты шұғыл мәлімдеме мен үндеу жасауын тез арада күтеміз!