Қазақстан ЕҚЫҰ өкілімен БАҚ туралы заң жобасын талқылайды
Қазақстан Еуропалық Одаққа БАҚ туралы заң жобасы ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілімен Ынтымақтастық комитетінің 20-шы отырысы барысында талқыланатынын хабарлады.
«ЕО мен Қазақстан азаматтық қоғам мен адам құқықтарын қолдау бағдарламаларын талқылады. Қазақстан ЕО-ны БАҚ туралы заң жобасы ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілімен талқыланатыны туралы хабарлады», — делінген бейсенбі күні ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің мәлімдемесінде.
ЕО мен Қазақстан виза беру рәсімдерін жеңілдету бойынша диалог орнату туралы келісімді құптады. ЕО саяси, әлеуметтік және экономикалық реформаларды толық жүзеге асырудың және реформалар үдерісін жалғастырудың маңыздылығына назар аударып, Еуропалық Одақ Қазақстанды толық қолдайтынын атап өтті.
«2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаларға қатысты ЕО халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын бұзу мен теріс пайдалануды, азаптау мен қатыгездік көрсетуді қоса алғанда, толық, ашық және тәуелсіз тергеу жүргізудің маңыздылығын қайталады», — деп атап өтті ЕО- ның Қазақстандағы делегациясы.
ЕО сондай-ақ еуропалық және халықаралық санкцияларды айналып өту әрекеттеріне ерекше қырағылық танытатынын, осыған байланысты Қазақстанның өз аумағын халықаралық санкцияларды айналып өту немесе әлсірету үшін пайдаланбауын қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті.