Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:59, 15 Қыркүйек 2022

Қазақстан гендерлік теңдік бойынша көшбасшы

None
None

 Қазақстан өкілдері өткен айда Қытайдың Далянь қаласында өткен «Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастың 30 жылдығы» атты әйелдерді дамыту форумына қатысып, еліміздегі әйелдеп құқығын қорғау мәселелерін талқылады.

 Форум онлайн форматта өткен болатын. Ол Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналды.  Оның негізгі мақсаттары соңғы 30 жылда әйелдерді дамыту бойынша бірлескен жұмыста қол жеткізілген нәтижелерді талқылау, тәжірибе алмасу және Тұрақты даму күн тәртібіндегі мақсаттарды насихаттау болды. Форумға 200-ден астам делегат қатысты.

Форум қорытындысы бойынша оған қатысушылар бірлескен күш-жігерді аймақтың бейбіт дамуына бағыттау, әйелдердің жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп жүзеге асыру үшін әйелдердің күш-жігерін біріктіру туралы шешім қабылдады.

 Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева:

 – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері әйелдердің құқықтарына кепілдік беріп, қорғап келе жатыр. Ел бұл міндеттемелерді 1995 жылы Бейжің іс-қимыл платформасына қол қою және 1998 жылы әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны ратификациялау арқылы алды. Әйелдердің құқықтарын саяси ілгерілету жолындағы маңызды қадам Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша 2020 жылы партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаның енгізілуі болды. Депутаттық мандаттарды бөлу заңмен бекітілді. Шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің үлесін 30%-ға жеткізу міндеті қойылды. Бүгінгі таңда Қазақстан өңірдегі гендерлік мейнстриминг бойынша көшбасшы болып танылды, – деді А. Балаева.

2021 жылы Парижде өткен «Ұрпақ теңдігі» жаһандық форумы аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та еліміздің гендерлік зорлық-зомбылық пен экономикалық әділеттілік мәселелері бойынша көпжақты серіктестікке міндеттеме алғанын мәлімдеген болатын.  

 Қазақстан өкілдері ел достас елдермен гендерлік теңдік саласындағы тәжірибе алмасуға және бірлескен гуманитарлық миссияларға қатысуға дайын екенін атап өтті.

Тегтер: