Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:26, 21 Маусым 2023

Қазақстан-Германия ғылым және білім саласында 10 келісімшарт жасасты

None
None

Германия Федеративтік Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстанға келгендегі мемлекеттік сапарының нәтижесінде елдеріміз ғылым және жоғары білім саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы 10 келісімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының Президенттері арасындағы келіссөздер шеңберінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералды Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ақордадағы Германия жоғары білім мен ғылым саласындағы таяу онжылдықта елдеріміздің ұзақ мерзімді ынтымақтастығының негізгі құжатына айналады. Қазақстан-Неміс университеті мен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті арасында Ақтау қаласында жаңа Қазақстан-Германия тұрақты инженерлік институтын құру туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Германия Президентінің Қазақстанға сапары аясында өткен Қазақстан мен Германия ректорларының форумында қазақстандық және неміс жоғары оқу орындарының басшылары бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Қазақстан-Герман университеті арасында Өскеменде Қазақстан-Германия ғылым және технология институтын құру туралы келісімге қол қойылды.

Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті арасында әріптестік туралы келісімге қол қойылды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері «LOGO e.v» коммерциялық емес ұйымымен (Шығыс Еуропадағы ауыл шаруашылығы және экологиялық тепе-теңдік) келісім бойынша Германияда тағылымдамадан өтеді.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан-Герман университеті және Берлин техникалық университеті үшжақты ынтымақтастық туралы келісті. Сондай-ақ, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан-Герман университеті және Вильдау қаласындағы қолданбалы ғылымдар техникалық университеті арасында қос диплом туралы бірлескен келісім қабылданды. Сондай-ақ Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан-Герман университеті және Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ форум аясында Берлин техникалық университеті, Дармштадт техникалық университеті және Гамбург қолданбалы ғылымдар мектебі Қазақстанда бірлескен білім беру және ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар, Қазақстан-Германия бизнес форумында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университеті мен Siemens компаниясы арасында аддитивті технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы ниет туралы келісімге қол қойылды.

Тегтер: