Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:00, 17 Қаңтар 2022

Қазақстан халқына қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес

None
None

Кешелі бері әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер тарап жатыр.

Осыған байланысты   аталмыш ведмостваның баспасөз хатшылығы пікір білдірді. 

БҒМ баспасөз қызметі мәліметінше, әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр.

«Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, БҒМ-ге қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар», — делінген Facebook-те.

Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

16 қаңтарда "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі сайланды.

Тегтер: