Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:25, 07 Тамыз 2020

Қазақстан Каспий итбалықтарын сақтау үшін Ресеймен бірлесіп жұмыс жасауда

2020жылғы 28 шілдеде әлеуметтік желілерде Ақтау теңіз портының жағасынан табылғанжараланған итбалық туралы видео жарияланды.

Порттағы қауіпсіздік мамандары оғантеңізге шығаруға көмектесті.

Маңғыстауоблыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясыныңинспекторлары итбалықтың артындағы үлкен ашық жарақат кеме немесе қайықпропеллерінен болуы мүмкін деп есептейді. Қазір уақытта инспекторлар жараланғанитбалықты іздеп, оны Ақтаудағы итбалықтарды арнайы қалпына келтіру арнайыорталыққа тапсыру үшін іздестіру үшін барған.

Сондай-ақ,Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мақсатында өткен жылдың тамыз айындаАқтауда меценаттар есебінен Қазақстанда алғашқы зерттеу және қалпына келтіруорталығы ашылды. Ол ауру мен жараланған итбалықтарды емдеуге, сауықтыруға жәнесау жануарларды тіршілік ету ортасына – Каспий теңізіне шығаруға қатысады.

Жануарларды қорғау бойынша мемлекеттарапынан айтарлықтай іс-шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, 27 шілде күні гидробиологияжәне экология институты мен Орта Азия экологиялық зерттеулер институтыөкілдерінің қатысуымен балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі ведомствоаралықзоологиялық комиссияның отырысында Каспий итбалығын Қазақстанның қызыл кітабынаенгізу туралы келісім жасалды. Комиссия отырысын ұйымдастырушы – Экологияминистрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

Әсел БАЙМҰҚАНОВА, Экологиялық білім, гидробиология және экологияинститутының маманы:

— «Барлық басқа Каспий маңындағы елдерде Каспийитбалығы Қызыл кітапқа енген, сондықтан балықаулауға тыйым салынады. Бірақ балық аулауды тоқтату балық түрінің санына бірден әсер етеді деп болжауға да болмайды. Итбалықтар басқа уақытта да қырылып жатыр. Жүздеген мәйіттер жағалауға жүзіп шығып жатады. Өлім себептері – кеме қатынасы, балық аулау,браконьерлік, ауру. Сондай-ақ итбалықтар көптеген балық аулау торларына түсіп,азап шегеді. Жыл сайын, шамамен есептеулер бойынша, бір жарым мыңнан астамитбалықтар торлардың әсерінен азайып жатыр. Тері мен май іздепжүрген браконьерлердің қолынан итбалықтардың саныда кеміп жатыр. Ресейлік ғалымдардың пікірі бойынша бедеулік, яғни популяциядаұрықтай алмайтын аналықтардың саны 50 пайызға жетеді. Судың ластануы, балық аулау, жабайы туризм және браконьерлік салдарынанитбалықтар әдеттегі мекендерін тастап, аралдарға барып өмір сүре алмайды, бұл жануарлар ағзасын әлсіретеді», — дейді.

Каспий итбалықтарының (Pusa Caspica)Қазақстанның Қызыл кітабына енуі оны сақтаудың қосымша шарасы, сонымен біргеболашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың маңызды дәлелі болуға кепілболмақ. Каспий итбалығы басқа да Каспий маңындағы елдерде Қызыл кітапқа енгенібелгілі.

Бүгінгі күні итбалықтардың санын бағалаубойынша Каспий маңы мемлекеттерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелеріайтарлықтай ерекшеленеді. Сондықтан объективті мәліметтерді алу үшін Ресей менҚазақстан экологтары ортақ әдіснамалық тәсілдер бойынша бірлескен зерттеулерұйымдастырмақшы. Солтүстік Каспийдің қазақстандық және ресейлік суларында2020-2024 жылдарға Каспий итбалықтарының санын, таралуын және табиғи көбеюінбағалау бағдарламасы бекітіліп жатыр. Бқл бағдарлама осы жылдың басындаҚазақстан Республикасы Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлардүниесі комитетімен және Ресей Федерациясының Балық шаруашылығы федералдыагенттігімен мақұлданды. Бағдарламаны Қазақстан қолданбалы экология агенттігіжәне Бүкілресейлік Балық шаруашылығы және Мұхиттану ғылыми-зерттеу институтыNCOC N.V. компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдіңэкология министрліктері Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау бойыншабірлескен іс-шаралар жоспарын жасады. Қазіргі уақытта жоспар РесейФедерациясының Экология министрлігімен бекітілуде.

Еркежан АРЫН

Тегтер: