Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:49, 19 Наурыз 2021

Қазақстан кедейленіп барады, болашақта Үкімет нені ескеруі керек?

None
None

Ұлттық статистика бюросы 2020 жылдың 4-тоқсанындағы Қазақстан халқының табысы мен шығыстары бойынша статистиканы ұсынды.

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2020 жылғы IV тоқсанда 4,6%-ды құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға жоғары. 

2020 жылғы IV тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10,3%), Солтүстік Қазақстан (5,8%) және Маңғыстау (5,7%) облыстарында байқалды, ал ең төмені — Нұр-Сұлтанқаласында(1,5%) тіркелді.

Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2020 жылғы IV тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,7 есені, азық-түлік емес тауарларға қатысты – 8 есе, ал ақылы көрсетілетін қызметтер бойынша — 5,5 есе көрсеткішті құрады.

Жалпы, мамандарың пайымынша, болашақта үкімет мына жайттарды ескеруі керек.  

– Әлемдік экономикада қалыптасып отырған тенденциялар бізге де әсер етпей қоймайды. Қазірдің өзінде доллар+теңге қарым-қатынасында валюта  бағамына қатысты тұрақсыздық орын алып отыр. Теңгенің әлсіреуі салдарынан халықтың жинақтаған қаржысы құнсызданып жатыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржыны да инфляция жеп қойды. Қымбатшылық қысып жатқанымен, жалақының өсіп жатқаны шамалы. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан халқы қазірдің өзінде 30 пайызға кедейленді. Мұны мойындағысы келмейтіндер де бар. 2025 жылға дейін кедейлік шегі әрі қарай өсетіні даусыз. Сондықтан бұл арада үкіметке 24 мың теңгені бір адам бір айға жеткізе алмайтынын мойындауға тура келеді. Біздің халық қалаулылары осы мәселені парламентте жиі көтерсе деймін. Болашақта сауатты шешімдер қабылдануы тиіс деп есептеймін. Ол үшін халықты жұмыспен қамтитын «Өңірлік даму», «Жұмыспен қамту» деген бағдарламалар қайта қолға алынып (қазір бұл бағдарламалар аяқсыз қалды), жұмыссыздық көрсеткішін азайтуға жұмыла кіріскен жөн, – дейді экономист-сарапшы Марал Төртенова.

      Сала мамандарының айтуынша,   бірінші, жәрдемақыны жыл сайын мардымсыз әрі жетпейтіндей етіп өсіргеннен гөрі «Жұмыспен қамту», «Өңірлік даму» бағдарламаларының жұмысын жандандыру керек. Екіншіден,  бұқара мемлекеттік қолдауды нақты сезінуі үшін халықтың шағын және орта кәсіппен айналысуына жағдай жасалуы тиіс. Бұл да халықтың өз жағдайын өзі жасауына мүмкіндік беретін жоба.Үшіншіден, ауылға тартылатын инвестиция көлемі артуы керек. Себебі қазір ауыл-аймақтарда тек қана жәрдемақыға күнелтіп отырғандардың саны артып келеді. Ауылға жекелеген инвесторлар инвестиция салып, жұмыс орындарын ашуға күш салса, ауыл азаматтарын жұмыспен қамту мәселесі де жеңілдеп, олардың отбасына табыс көзі кірер еді де, екі қолға бір күрек ұстаған шаруа мемлекетке масыл болмас еді. Төртіншіден, ауылдық жерде мал өсіруге қолайлы жағдай жасалуы керек. Қолында малы бар шаруаны  жеңілдіктермен қамтып, мал басының көбеюіне ықпал еткен жөн.

      

Тегтер: