Қазақстан – көптеген әлемдік діндердің тоғысқан жері

Өткен жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. Бұл айтулы оқиға дәстүрлі түрде Астанада үш жылда бір рет өтеді.
Бұған дейін конвенция 2021 жылы өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, коронавирустық пандемияға байланысты жоспарды өзгертуге тура келді. Белгілі болғандай, барлық дін өкілдері үшін қолайлы күнді таңдау қиын. Әрбір мәдениет пен дін жыл бойы өзінің айтулы мерекелерін ұйымдастырады, сондықтан қыркүйек айы барлығына қолайлы ай болған болатын.
Шараға әлемнің 60 елінен 130 делегация басшысы шақырылды, олардың ішінде ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, буддизм, зороастризм, индуизм және басқа да діндердің өкілдері бар. Съезд қатысушыларының форматы қазіргі және бұрынғы беделді саясаткерлерді, ғылым және мәдениет қайраткерлерін, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, конфессияаралық және мәдениетаралық диалог мәселелерімен айналысатын форумдарды құрметті қонақ ретінде шақыру арқылы кеңейтілді.
2013 жылғы бірінші конгреске 17 делегация қатысқан болатын. Яғни, съездің беделі мен маңызы артып келеді. Бұл жер шарының түкпір-түкпірінен дүние жүзінің бірінші дінбасылары, экс-мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдар, түрлі қоғам өкілдері, БАҚ өкілдері бас қосатын бірегей алаң екенін ашық айта аламыз. Өткен жылғы шараға шетелдік журналистер ақпараттық қолдау жасады. Яғни, Қазақстанға Euronews, CNN, Al Jazeera секілді 100-ге жуық БАҚ өкілдері келді. VII Съезд Қазақстанның толеранттылық, ашықтық, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрмет пен сенім идеяларына адалдығын әлемге тағы бір рет көрсеткен жылдың басты халықаралық оқиғаларының біріне айналды.
Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің, сондай-ақ әл-Азхардың жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайебтің қатысуы съезд жұмысында ерекше мән берілді. Ол әлемдегі бірінші суннит теологы болып саналады. Съезд хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев оларға Мемлекет басшысының атынан қатысуға шақыруды өзі тапсырған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасымен өткен бейнеконференция барысында келісті. Рим Папасы үш мәртебе бойынша қатысты: Ватикан мемлекетінің басшысы ретінде, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысушы ретінде, діни қайраткер ретінде.
Сондай-ақ, шіркеу басшылары, жоғарғы мүфтилер, ханзадалар, экс-президенттер де келіп қатысты. Қазақстан осы кезеңде әлемнің рухани орталығына айналды.
Марқұм Рим Папасы Иоанн Павел ІІ 2001 жылы елімізге жұмыс сапарымен келген кезде оның соңынан 50 мыңға дейін қажы еріп келді. Осы жолы жиынға барлығы 10 мыңнан астам адам жиналды, олардың арасында тек Қазақстан тұрғындары ғана емес. Рим папасын көріп, тыңдауға Польша, Ресей, Балтық жағалауы елдері, Өзбекстан және Қырғызстаннан қажылар арнайы келді.
Рим Папасы Францисктің сапары барысында басқа елдер мен әлемнің басқа қалаларынан қажылардың келуі отандық тауар өндірушілердің өнімдері танымал болуына, бюджетке қаражаттың түсуіне, елордада және жалпы Қазақстанда туристік индустрия мен бизнестің дамуына оң әсер еткені анық.
Болат Сәрсенбаев, Н.Назарбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының жетекшісі:
- Кейде жеке адамдар неліктен мұндай шараларды өткізіп жатқанымызды айтып, бұл қаражат басқа игі істерге бағытталса жақсы болар еді деген пікірлерін білдіріп жатады. Мен бұл адамдармен толықтай келісемін. Расында да, Қазақстан экономикасының нақты дамуымен, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін көтерумен айналысу қажетілігі жоғары. Бірақ екі түрлі нәрсені салыстыру дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл шараны әлемдік қауымдастық, барлық мемлекеттердің алғашқы дінбасылары қолдап отыр. Сондықтан оның да бір мәні бар: көптеген мәселелердің бейбіт және дұрыс шешімін табу. Съезд барысындағы дөңгелек үстелде басқа жерде ешқашан бір үстел басына отырмайтын дін өкілдерін көреміз. Қазақстан адамдарға ортақ тіл табуға мүмкіндік береді. Бұл адамдар бүгінде әлемде бар мәселелерді шешудің ортақ тәсілдерін табуға тырысатын алаң. Съезд өткізудің қажеті жоқ деп айтатындар, менің ойымша, қатты қателеседі немесе басқаларды адастыруға тырысады. Мұндай айтулы тұлғалардың конгреске қатысуы дүние жүзінде мұндай орындардың жоқтығынан хабар береді. Көптеген елдер мұндай іс-шараларды ұйымдастыруға тырысады, бірақ олардың ешқайсысы Қазақстан сияқты сәтті болған жоқ. Біз алға ұмтылып, мақсат қойып, мәселелерді шешуіміз керек. Бұған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өз үлесін қосуда. Елімізде 18 ресми конфессияның өкілдері тұрады. Бір діни қызметкер маған: «Алла бізді әртүрлі етіп жаратты. Бұл біздің болмысымыз. Әртүрлі гүлдермен көмкерілген әдемі алаң сичқты. Біз әртүрліміз. Бұл әлемнің әдемілігі де сонда». Біз мұны мақтан тұтуымыз керек.
Съездің тақырыбы секретариаттың 2021 жылы өткен ХІХ отырысында бекітілген болатын. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің басты тақырыбы – «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі». Біз пандемияға дейінгі уақыттан сәл өзгеше әлемде өмір сүріп жатырмыз. Көзқарастарымызда көп нәрсе өзгерді, бұрын қолданылмаған жаңа сөздер пайда болды. Қалай өмір сүру керек, не істеу керек деген сұрақтарды талқылау қажеттілігі туындады. Бұл жерде рухани көшбасшылардың рөлі жоғары. Бұл өз еліндегі соңғы адамдар емес. Көп нәрсе олардың ұстанымдары мен әрекеттеріне байланысты. Съезд қорытындысы бойынша біз не істеуіміз керек, дін қызметкерлері не істеу керек деген олардың көзқарасын білдіретін қорытынды құжат – декларация қабылданды. Барлық дін өкілдері қол қойған бұл декларацияда 35 маңызды тармақ қамтылған. Құжаттың әрбір параграфы – әлемді бейбітшілікке шақыру! Бүгінгі таңда адамзаттың экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелеріне постпандемиядан кейінгі салдар да қосылды. Ал конгреске қатысушылар бірауыздан айтқандай, бұл жаһандық қиындықтардың барлығын тек бірлескен күш-жігермен, бірігіп, бір-біріне көмектесу арқылы ғана жеңуге болады.
Папа Римский Франциск:
– Қазақстан үлкен және стратегиялық маңызды Азия континентінің орталығында болғандықтан, біздің кездесуіміздің табиғи орнына айналды. Оның мемлекеттік туы саясат пен дін арасындағы дұрыс тепе-теңдікті сақтау қажеттілігін білдіреді. Шын мәнінде, тудағы алтын қыран ежелгі империялардың естелігі ретінде жердегі қуатты бейнелейді, ал көк фон көктегі отбасы туралы ойларды тудырады және трансценденттілікті білдіреді.
VII Съездің секциялық отырыстарында келесі тақырыптар талқыланды:
1. Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы діндердің рөлі;
2. Діндер мен мәдениеттердің сыйластықпен қатар өмір сүруін, әділеттілік пен бейбітшілікті нығайтудағы білім мен діни ағартудың рөлі;
3. Діни жетекшілер мен саясаткерлердің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге, әсіресе діни негізде қарсы тұруға қосқан үлесі;
4. Әйелдердің қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдердің әлеуметтік жағдайын қолдаудағы діни бірлестіктердің рөлі.
Съезд аясында елордада жаңа мәдени-рухани нысандар ашылды. «Бәйтерек» монументі жанындағы саябақта тақырыптық фотокөрмелер өтті, онда 2003, 2006, 2009, 2012, 2015, 2018 жылдары өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының барлық алты съезінің тарихына арналған фотостендтер қойылды. Сондай-ақ «Қазмедиа орталығы» базасында әлемдік діндер: ислам, христиан, иудаизм және буддизм тақырыбына арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Тәуелсіздік сарайында «Бейбітшілік пен руханият менің көзіммен» байқауының қорытындысы бойынша балалардың үздік салған суреттері көрмеге қойылды. ҚР Ұлттық музейі «Қазақстан аумағындағы дін тарихы» тақырыбындағы экспозицияны ұсынды.
Әлемдік діндер көшбасшыларының бір үстел басында отырған бейнесі әртүрліліктегі бірлік мүмкіндігінің қуатты сигналына айналды. Дэвид Лау, Израильдің Бас Ашкенази раввині осы идеяны қолдайды: «Ең маңызды нәтиже – біз бірге отырып сөйлесеміз және әлемдегі мәселелерді шешуді күресте емес, соғыс кезінде емес, осылайша қатарласып отырып табуға болатынын түсінеміз».
Қазақстан тарихи тұрғыдан көптеген діндердің тоғысқан жері болып табылады. Барлық негізгі діндер қандай жолмен болсын, Қазақстан аумағында таралған. Каспий – зороастризмнің туған жері. Непал мен Үндістан шекарасында пайда болған буддизм Кушан мемлекетінің арқасында (Қазақстанның қазіргі оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында) дүниежүзілік дамуға ие болды. 5-6 ғасырларда Қазақстан жерінде христиандар өмір сүрді. Ресейде христиандық 11 ғасырда дамыды. Қазақстан – көптеген әлемдік діндердің тоғысқан жері.
VII Съезд Қазақстанның толеранттылық, ашықтық, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрмет пен сенім идеяларына адалдығын әлемге паш ететін халықаралық оқиғалардың біріне айналады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Қазақстанның халықаралық деңгейде оң ақпараттық және имидждік әсерін береді.