Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:19, 31 Шілде 2020

Қазақстан мен Иран азаматтық істер бойынша өзара құқықтық келісім жасасты

Өткен айда Парламент Сенаты Қазақстан Республикасы мен Иран ИсламРеспубликасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралыкелісімді ратификациялады.

Әділет министрі Марат Бекетаевтың атап өткендей, бұл келісімнің мақсаттары:

1.     Қазақстан мен Иран арасындағы құқықтық ынтымақтастықтыдамыту;

2.     азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуді реттеу;

3.     екі мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларының құқықтарымен мүдделерін қорғаудың тиімді екіжақты тетігін құру.

Сенаттың жалпы отырысында әділет министрі Марат Бекетаев осы жөнінде пікірбілдірді:

— «Келісім жасасудың өзектілігі Қазақстан азаматтарының Ирандағы мүдделерінтолық құқықтық қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Келісім екімемлекеттің жеке және заңды тұлғаларына жеке және мүліктік құқықтарын қорғауға,сотқа және басқа құзыретті органдарға баруға, тегін заң көмегін пайдалануғажәне сот шығындарын азайтуға құқық береді».

Өзара құқықтық көмек келесі нысандарда жүзеге асырылады: құжаттарға қызметкөрсету;

·       дәлелдемелерді жинау жәнеберу;

·       куә мен сарапшы шақыру;

·       құқықтық актілерді жәнетөрелік шешімдерді тану және орындау;

·       құқықтық ақпарат пенматериалдармен алмасу.

Егер Келісім Тараптары олардың егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдықтәртіпке немесе ұлттық заңнаманың негізгі қағидаттарына нұқсан келтірсе, заңкөмегін орындаудан бас тартуы мүмкін. Келісімді іске асырудың орталықоргандары: Қазақстан үшін – Жоғарғы Сот және Әділет министрлігі; Иран үшін –Әділет министрлігі болып табылады.

Ведомствоның хабарлауынша, бүгінде Қазақстан Республикасы шетмемлекеттермен осындай барлығы 16 келісімге қол қойды.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарғаәкелмейді және республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талапетпейді.

Бұған дейін Иранмен өзара құқықтық көмек паритеттік негізде жүзегеасырылған. Әділет вице-министрі Наталья Панның пікірнше, бұл келісім бұлпроцесті тездетеді.

Тегтер: