Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:51, 04 Тамыз 2020

Қазақстан мигранттар үшін жайлы сондықтан олардың әмияны майлы

  

      Кешелі бері Ресей еліне келетінмигранттарға деген талапты күшейтуге ниеттеніп отыр.

Бұдан былай Ресей өкіметімигранттардан істеген жұмысына қарай арнайы табыс салығын жинауға, еліне енетін«келімсектерін» санитарлық қадағалауға алуға, заңсыз тіркелместен келіп жұмысістеуге мүлдем тыйым салуға барынша мән бермек.     Бұған қоса, көрші ел келер күзденбастап еңбек мигранттарына кепілдік депозит ашуды да міндеттейді. Бұл реттеРесейдің экономист-сарапшысы Сергей Лановов: «Мигранттар елге еніп, заң бұзғанжағдайда оларды өз елдеріне қайта шығарып, депортациялау жұмыстарынамемлекеттен арнайы қаржы бөлінеді. Ал бірқатар елдерде мұндай іске мемлекет қаржысы жұмсалмайды. Олелдерде сол мигранттардың кепілдік депозиттерінен қаржы алынып, олардың өзқаржысы өзіне жұмсалып, мәселе оңай жолмен шешіледі. Өздері жинап, депозиткесалған қаржысынан айырылып қалмауы үшін мигранттар да заңды бұзбай тынышжүреді. Сондықтан бұл керек тәсіл», – деді.      Жалпы, халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінше,Қазақстанда қазір де сырттан келетінмигранттарды тіркеп, арнайы құжаттайтын тиісті органдардың жетіспеушілігі анықсезілуде. Аталмыш ұйымның 2019 жылғы санағы бойынша, Қазақстанда жарты миллионнан астаммигрант жан бағып жүр. Олардың үштен екісі Өзбекстаннан; 25 пайызы Қырғызстаннан;ал қалған мигранттар Тәжікстан және ТМД-ның тағы басқа елдерінен келген.Сөйтіп, былайынша айтсақ, біз мигрант атаулыға жұмыс беруде алдыңғы орындатұрған елміз. Тіптен ТМД елдерінен келетін мигрант атаулы өздері үшін Ресейденгөрі Қазақстанның жайлы екенін, олар үшін мәдениеті мен діні ұқсас Қазақ елініңаумағында жұмыс істеу қауіпсіз екенін де ашып айтуда.     Дегенмен мұндайда мигранттардыңкөп жағдайда Қазақстан заңына мойынсына бермейтінін, тапқан еңбекақылары үшінел қазынасына салық төлемейтінін, жазғытұрым келген олардың күз қайта қомақтықаржыны қалтаға басып, өз еліне қайтатынын біз неліктен ескермеуіміз керек?

Бұл реттеэкономист-сарапшы Дәурен АРЫН: « 2019 жылғы санақ бойынша, Қазақстанда жарты миллионнанастам мигрант жан бағып жүр. Қайсыбір сарапшыларымыз алдағы жылдары мигранттарсаны 1 миллионға дейін жететінін растайды. Бүгіндеелімізге енетін мигранттардың 300 мыңдайы ғана заңды түрде тіркеліп жұмысістейді. Сонда мигранттардың тең жартысынан астамы тіркелмей табыс табады.Олардың табысы соншалықтытөменемес. Арасында қомақты қаржыны қалтасына басатындар да бар. Ал солар үкіметкене салық төлемейді, не еліміздің заңдарын толыққанды сақтай бермейді. Ендеше,неге біз мұндай міндеттемелерді жүктеуге кіріспейміз? Егер біз мигранттарға кепілдікдепозит ашуды міндеттесек, депозит ашылған жағдайда еліміздегі еңбекмигранттары заң бұзып, оларды елден аластату қажет болғанда,осы кепілдік депозиттегісалымы ел бюджетіне аударылып, елден шығарып жіберуге кететін шығын орнынақұйылар еді. Осылайша өз ақшасын өзіне жұмсар едік. Егер олар өз тапқандарынеліміздің банктеріне салып отыратын болса,артынша сол қаржысын ала алмайқалудан сақтанып заңға бағынареді. Сондықтан Ресей тәрізді мұндай шараларды нықтау орынды деп ойлаймын»,дейді.       Негізінен, мигрант мәселесін сөз еткенде,құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, республика көлемінде жасалатынқылмыс атаулының 45 пайызы осы сырттан келетін жұмыс күшінің ықпалымен болатынкөрінеді. Әсіресе Қазақстан территориясы арқылы өтетін транзиттік мигранттаркөбіне заңсыз есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсызсақтау, тасымалдау, жөнелту мен улы заттарды тасымалдаумен айналысады. Бұдансоң, сауда мигранттары әртүрлі заттарды, бұйымдарды, киім-кешек, тағамөнімдерін және заңмен тыйым салған дискілер және басқа заттарды әкеліп саудағасалуда. Бұған қарап мамандар: «Мигранттарды жағдайы жоқ, күнін көре алмайжүрген қауым деп мүсіркеудің қажеті жоқ. Бізге заңды қатайту керек. Олардың елімізге еніп, тауыпжатқан табысының кем дегенде 40 пайызы елімізде қалуы тиіс. Сондықтан депозиташып, оларға қомақты салық төлетіп, бұл мәселені реттеуді қолға алғанымыз жөн», – дейді. Сондай-ақ«мигранттарды жалға алып, оларға жұмыс беретін жекелеген азаматтардыңмемлекетке арнайы салық төлеп отыруын қатаң жолға қою қажет» дейді мамандар.

Тақырыпқа тұздық

 Тақырыпқа орай, экономист-сарапшыТоғжан ШАЯХМЕТОВА пікір білдірді:    –Егер жұмыс беруші мигранттың жауапкершілігін толық өз мойнына алса, еңбекмигранттарының қолымен жасалатын қылмыс та, заңсыздық та азаяр еді. Сондықтан бұл жердежұмыс берушінің жауапкершілігін арттырған жөн. Мысалы, елімізге Тәжікстаннаненетін жұмыс күшінің саны 100 мыңнан асып жығылыпты. Қазақстан тарапы екіжылдан бері сол тәжіктердің қарасын азайтамыз, тәжік мигранттарына шектеуқоямыз деп,барынша тырысып-ақ жүр. Олардың қарасыазайған болып көрінгенімен, тәжіктер сауда базарларында әлі де сол баяғысыншатауарын сатып, пайдасына батып жүр. Ал бұл жерде Алматыдағы базар әкімшілігіқайда қарап отыр? Сол мигранттардың мемлекетімізге төлейтін салығы, тигізерпайдасы бар ма? Жоқ. Сөйте тұра,олар не өздерінеқатысты ережеге бағынбай, не заңға мойынсынбай келеді. Сондықтан осы саланы  бақылап отыруға тиісті органдардың жұмысынжетілдіру қажет. Мысалы, «жылына осынша мигрантты ғана қабылдай аламыз» депарнайы қаулы-шешім шығарсақ, сырттан елге заңсыз бір адам да келе алмайды. Осы жүйені жөнге келтірген жөн. Бастысы,санға шектеу қойып алсақ, әрі қарай заңды қатайтып, оларға отандықжұмыс берушілердің жауапкершілігін арттырған абзал.       Қалай десек те, мигрантмәселесіне бейтарап қарай алмасымыз анық. Болашақта елімізде кәсіпорындар менөндіріс орындарының саны артатынын ескерсек, біз сырттан келетін жұмыс күшінеәлі де тәуелді боламыз. Сондықтан елімізге келетін мигранттардың тым еркінсіпкетпеуі үшін оларға арнайы міндеттемелер жүктеудің артықтығы жоқ. Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА

Тегтер: