08:55, 23 Наурыз 2022
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында қымбат көліктер тәркіленді
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында қымбат көліктер тәркіленді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті.
Ресми мәліметке сәйкес, Түркістан облысындағы Қонысбаев өткізу пунктінде Өзбекстаннан келетін көліктерді тексеру кезінде шекара жасағы үш жүк көлігін тоқтатты. Олардың ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болған.
«Контрабанданы өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары ұсталды. Тауардың алдын ала бағалау құны 70 миллион теңгені құрайды», — дейді шекарашылар.
Тәркіленген көліктер Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.