Қазақстан құтқарушылар құрамын көбейтеді
ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады.
Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Премьер-министр Түркия мен Сирияда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Әлихан Смайылов Түркияда жұмыс істеп жатқан құтқарушыларымызға алғысын білдірді.
Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады.
Елімізде Төтенше жағдайлар министрлігінің осындай үш әскери бөлімшесі бар: Шығыс Қазақстан облысында, Алматыда және Қарағандыда. Батыс аймақ ауқымды құтқару жасағына енген жоқ.
Қазақстанда 880 адамнан тұратын Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылып, Ақтөбеде орналасады.
Сондай-ақ Смайылов өрт сөндіру бөлімшелерінің штаты 380 адамға, авариялық-құтқару станцияларының штаты 220 адамға, Апаттар медицинасы орталығының штаты 94 адамға, Казселезащита 39 адамға көбейетінін айтты.
Жалпы, Төтенше жағдайлар министрлігінің қатары 1613 адаммен толығады.
Премьер-Министр атап өткендей, бұл шаралар төтенше жағдайларға жедел ден қою деңгейін және авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттырады.
Смайылов үкімет біздің төтенше жағдайлар қызметтерін материалдық-техникалық жарақтандыру және құтқарушылардың еңбекақысын көтеру бойынша шаралар қабылдайтынына сендірді.
Еске салайық, іздеу-құтқару жұмыстары басталғалы Түркияда Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған болатын. 60-тан астам мұқтаж жандарға медициналық көмек көрсетілді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінді астынан қаза тапқан 53 адамның денесін шығарды, оның ішінде төртеуі бала.