Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды

Сайт әкімшілігі

13.08.2020, 02:00

56

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакциналар толық сынақтан өтпейінше оларды сатып алмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Sputnik Казахстан сайтына осылай деп мәлімдеген. Бұл жақында ғана тіркелгені хабарланған ресейлік вакцинаға да қатысты.

Осы аптада Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің әлемде бірінші болып коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны тіркегенін хабарлаған еді. Ал кейбір батыс сарапшылары мен жергілікті мамандар сынақтан толық өтпеген вакцинаның қауіпсіздігіне күмән келтірген болатын.

"Қазіргі кезде Қазақстан вакцина сатып алу бойынша бірде-бір келісім-шарт жасасқан жоқ, себебі вакциналар соңғы төртінші кезеңнен өткен жоқ" деді Қожахметов.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Тарик Ясаревич ресейлік Гамалея атындағы институт әзірлеген коронавирус вакцинасын көпшілікке қолдануға кеңес беру үшін әуелі оның тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуіміз қажет деген болатын. Ресейлік зерттеу ұйымдары мен дәрі-дәрмек компанияларының басын біріктірген қауымдастық өкілдері де «вакцинаны жылдам тіркеу Ресейді көшбасшыға айналдырмайды, бұл тек вакцина қолданатын қарапайым азаматтарға қауіп төндіруі мүмкін» деген еді.

Sputnik Казахстан агенттігінің жазуынша, толық сынақтан өтпесе де тіркеуден өткен вакцина қыркүйек айында медицина қызметкерлеріне егіле бастайды. Ал көпшілікке қолдануға 2021 жылдың қаңтар айында беріледі.

Бағдат Қожахметовтің айтуынша, Қазақстан вакцина және иммунизация жөніндегі ғаламдық альянсқа қосылса, бұл ұйымға мүше мемлекеттер 2020 жылдың 31 тамызына дейін алғашқы жарнасын (15 пайыз) төлеуге міндетті. Бұдан соң вакцинаның жетуіне қарай халықтың 20 пайызына жететіндей вакцина құнын толық төлеуі тиіс болады. Қазақстан альянсқа қосылуға келісім бергенмен әзірге ұйыммен келісім-шартқа қол қойылмаған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды
12.08.2020, 15:09
Коронавирус жұқтырғандарға бес дәрі-дәрмек тегін берілетін болды

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38