Қазақстан Республикасының Конституциялық сот алқасына
Талапкер: 08.05.1970 ж.т. Батыршаев Ержан
Нусипжановичтан
ЖСН 700508302272
Жетісу облысы, Көксу ауданы,
Алғабас ауылы, Батыржан Онғаров
көшесі, №107 үй тұрғыны;
тел.
8-771-439-11-65
Жауапкер: КӨКСУ АУДАНДЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
Байұзақова Ж.Қ
Тел: 87474273508
Жетісу облысы, Көксу ауданы,
Балпық би ауылы, Мырзабекова
көшесі, 42.
Жауапкер: № 652 сайлау учаскісі бойынша сайлау комиссиясы мүшелері
Төрағасы: Шагатаев Рустем 87772241682
Мүшелері: Нургалиева Кулсин 87778352864
Ізғұттынов Айдын 87772444135
Тауханова Эльмира 87026112117
Оспанова Алшагул 87059118860
Жетісу облысы, Көксу ауданы
Алғабас ауылы
Жауапкер: № 653сайлау учаскісі бойынша сайлау комиссиясы мүшелері
Төрағасы: Шагатаев Зейнолда 87776579536
Мүшелері: Балтабаев Тлеулі87057192727
Миятбеков Канат 87714725910
Садуакасов Канат 87011787070
Кобенова Алия
Жетісу облысы, Көксу ауданы
Қызылтоған ауылы
ТАЛАП АРЫЗ
Қазақстан Республикасының Президентінің «Сайлау туралы» заңына сәйкес, 2022 жылдың 18 желтоқсанында Жетісу облысы Көксу ауданы Алғабас ауылдық округіне әкім сайлауы ұйымдастырылды. Заң талаптарына сәйкес ауыл тұрғындары ауыл әкімдерін өздері сайлауға құқылы деп жазылса да, аудан басшылары президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың заңына назар аудармай, әлі де өз адамдарын ауыл әкімі ретінде қойып отыр.
Осы әрекеті арқылы менің ҚР Конституциясында көрсетілген құқығымды таптап, менің азаматтық құқығымды заңсыз шектеп отырған Жетісу облысы Көксу ауданы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Ж.Байзақова мен ауылдық сайлау комиссиясы мүшелерінің іс әрекеттеріне заңды түрде тексеріс ұйымдастырып, әділдігін шешіп берулеріңізді сұраймыз.
18.12.2022 жылы Жетісу облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылында ауыл әкімін сайлауы өтті (Алғабас ауылы сайлау участігі №652 және Қызылтоған ауылы сайлау участігі №653).
Сайлау нәтижесінде сайлау учаскілерінде дауыс беру кезінде көптеген заң бұзушылықтар орын алған, дауыс беру қорытындысымен Алғабас ауылдық округінің әкімі болып үміткер С.Исагулов заңсыз сайланды (51,2%).
Сайлау комиссиясының шешімі жасанды және заңсыз деп санаймыз, сайлау нәтижесімен келесі мән жайлар бойынша келіспейміз:
Атап айтқанда, сайлау комиссиясының хаттамасына сәйкес №652 сайлау учаскедегі (Алғабас ауылы) сайлаушылардың саны 716 адам, бюллетендердің саны 723, сайлау бюллетендерін алған сайлаушылардың саны 515 адам деп көрсетілген.
№652 сайлау комиссия мүшелері – сайлау комиссиясының төрағасы Шағатаев Рустем, Сайлау комиссиясының хатшысы Нургалиева Кулсин, сайлау комиссия мүшелері Тауханова Эльмира, Ізғұттынов Айдын, Оспанова Алшагул жалған құжат жасап отыр. Хаттама бойынша ауылдың алты көшесін үшке тең бөліп жаза салған. Әр сайлау мүшелері 171 адамнан тіркеген, 515 адам жазған. Алайда, біздің бақылаушылар жасаған тізімі бойынша сайлауға – 415 адам қатысты, яғни 100 бюллетень заңсыз жәшікке салынып жіберілді, сайлауға келмеген адамдардың атынан заңсыз дауыс берген.
№653 сайлау учаскедегі (Қызылтоған ауылы) хаттамасы бізге жарияланбады, хаттаманы сұрасақ бермеді. №653 сайлау участігі бойынша сайлау комиссиясы мүшелері – сайлау комиссиясы төрағасы Шагатаев Зейнолда, Сайлау комиссиясының хатшысы Балтабаев Тлеули, сайлау комиссиясы мүшелері Миятбеков Қанат, Садуақасов Қанат, Кобенова Алия. Біздің білуіміз бойынша осы сайлау учаскесінде сайлаушылар саны – 250 адам деп жарияланды, жәшіктен шыққан – 186 бюллетень, бос бюллетень – 67 дана шықты. Алайда біздің бақылаушылардың санауы және тізімі бойынша дауысты – 157 адам берді, жәшікке заңсыз – 30 бюллетень салынды.
Сайлауға негізі 5 үміткер өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды, екеуі мемлекеттік қызмет саласындағы біліктік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды. Қалғандары: Ахметов А. – Көксу ауданы әкімі аппаратының бас маманы, С.О.Исагулов – уақытша жұмыс істемейтін, Е.Батыршаев – «Асхат» шаруа қожалығының басшысы қатысты.
Сайлау кезінде Е.Батыршаевтың бақылаушылары болып екі сайлау учаскесіне А.Кадырбаев, К.Кожабеков, Р.Нургалиев, М.Сеитбеков қатысты. Бақылаушылар сайлауға келген адамдардың нақта тізімін жазып отырды.
Сөйтіп, №652 сайлау учаскісінде Алғабас ауылында – 100 адамның атынан бюллетень заңсыз салынып отыр, №653 сайлау учаскісінде Қызылтоған ауылында – 30 адамның атынан заңсыз бюллетень салынып отыр.
Алғабас ауылдық округінің тұрғындарының жалпы саны шамамен 800 адам, (Алғабас ауылында 600 адам тұрады, Қызылтоған ауылында 200 адам тұрады).
Бұл заң бұзушылықтарды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы КонституциялықЗаңның 20-бабының 9-бөлігіне сәйкес егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін деген тармағын ескере отырып, келесі күні, 19.12.2022 жылы Жетісу облысы Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Байұзақоваға бақылаушылардың арызы берілді: Арызда бақылаушылар 18.12.2022 жылы өткен ауыл округі әкімнің сайлауын жарамсыз деп тануын сұраған. Себебі ол әділетті өтпеді және заң бұзушылықтар орын алды:
- Сайлау учаскілеріндегі видеокамералар әдейі өшірілді.
- Сайлау бюллетендеріне сайлау комиссиясы мүшелерінің қолы қойылмады.
- Екі сайлау учаскесіндегі бақылаушылардың сайлауға келген адамдарды жазып отырған тізімі мен белгіленген бюллетендердің арасында үлкен айырмашылық байқалады. Сайлауға келмеген адамдардың атынан сайлау комиссиясы мүшелері өздері артық бюллетень салып отыр.
- Сайлау аяқталғаннан кейін бақылаушылардың тізімі мен сайлау комиссиясының жорналындағы тізімін сәйкестендірейік деген талабын олар орындамады. Ол жерде келген адамдар мен бюллетендердің арасында үлкен айырмашылық бар екендігі сайлау комиссиясы мүшелеріне бірден ескертілді. Бірақ олар талапты ескермей, бақылаушыны шығарып жіберген.
- Сайлау бюллетендері дұрыс саналмады. Сайлау комиссиясы жұмысына сенімсіздік танытып отырмыз деп көрсеткен.
Сайлау қорытындысын жарамсыз деп танып, барлық бюллетендерді қайта санап, журналдағы келген адамдармен сәйкестендірсеңіздер үлкен айырмашылық шығады – деп арызданған.
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңының 50 бабының 1-бөлігі 6-7-тармағына сәйкес сайлау құжаттарын қолдан жасаған немесе дауыстарды көрнеу қате санаған жағдайда заңмен белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады
Алайда, Көксу ауданының аймақтық сайлау комиссиясы төрағасы Ж.Байұзақова да, Көксу ауданы прокуроры А.Бекеевте ешқандай тексеріс ұйымдастырмастан, сайлау комиссиясының жасап отырған қалмысын жасырып, әрекетсіздік танытты.
Аудандық сайлау комиссия төрағасы мен аудан прокуроры Алғабас ауылдық сайлау комиссиясының мүшелерімен сыбайлас екендігін түсінгеннен кейін 22 желтоқсанда Жетісу облысының прокуратурасына, Жетісу облыс әкімдігіне, Жетісу облыс Ұлттық қауіпсіздік департаментіне, Жетісу облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі қызметінің департаментіне, Жетісу облыс полиция департаментіне арызданған болатын.
Аталған арыздар көрсетілген органдарынан қарау құзырына жатпайтындығына байланысты Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясына негізінен қарау үшін жолданған болатын.
Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дауытовтың жауабы 06.01.2023 жылы бірақ берілді.
Сонымен қоса, 04.01.2023 жылы Жетісу облысы, Көксу аудандық аумақтық сайлау комиссиясына: «Сайлауға нақты келген адамдардың тізімін сайлаудағы бақылаушылар тізімдеп отырды, сол тізіммен бюллетендердің арасында үлкен айырмашылық бар. Сондықтан біз Алғабас ауылынан сайлауға қатысатын 716 адамның тізімін және Қызылтоған ауылындағы сайлауға қатысатын адамдардың тізімдерін сұраймыз. Осы сайлаушылардан кімдер сайлауға дауыс беруге келді және сайлаушылар тізіміне қол қойды, сол адамдардың аты-жөндерін сенімді уәкілдерімнің (бақылаушыларыммен) істің қаралуын сұраймын. Уәкілетті бақылаушыларым сайлау бітісімен сайлау комиссиясының төрағасы Р.М.Шагатаев пен сайлау комиссиясының хатшысы К.Нургалиеваға сайлау нәтижесінің қорытындысына қанағаттанбағандықтарын білдіріп, тізімді көрсетуді талап еткен, талапты орындаудан бас тартқан – деп қосымша арыз берілген.
Аталған арызға 06.01.2023 жылы шығыс №1 Көксу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Байұзақованың жауабына сәйкес «Сіз Алғабас және Қызылтоған ауылдарының сайлауға қатысқан сайлаушылардың тізімін сұратқансыз, алайда ол жерде әр адамның жеке сәйкестендіру нөмірлері және жеке мәліметтері жазылған сол себепті біз сізге тізімді беруге мүмкіндігіміз жоқ» деп жауап берді. Бұл берілген жауптарға қанағаттанбағаннан кейін барлық құзырлы органдардың жауаптарын алып, 10.01.2023 жылы Жетісу облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағымдандық.
Аталған 13.01.2023 жылғы Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотынының ұйғарымымен және 02.02.2023 жылғы Жетісу облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңның 20-бабының 9-бөлігіне сәйкес егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды деп көрсетілген ұйғарымымен келесі мән жайлар бойынша келіспеймін:
Соттың «уақыт өтіп кетті» дегеніне келіспейміз. Себебі 18 желтоқсан сайлау нәтижелері шыққанда «нәтиже дұрыс емес» – деп сайлау комиссиясы мүшелеріне сіздер артық адам қосып отырсыздар, тізімді сәйкестендірейік деп айтылды, бірақ олар ол талапты орындамай бас тартты. Комиссия төрағасы Байұзақова Жанар Қанатовнаға да «артық дауыс қосып отыр, тексеріс ұйымдастырсын» деп сол күні кешке хабарладық.
19 желтоқсан күні жазбаша түрде сайлау комиссиясының тізімі мен сайлауға нақты келген адамдардың тізімдерін салыстыра отырып, тексеріс ұйымдастырсын деп арыз бердік. 19 желтоқсанда аудан прокуроры Бекеевтің атына да нақты тексеріс ұйымдастырып, тізім бойынша артық қосылған адамдарды нақтылап беруін талап еттік. Бірақ Ж.Байұзақова да, Бекеев те ешқандай тексеріс ұйымдастырмай, сайлау комиссиясының шешімі дұрыс дей салды. Нақты тексеріс ұйымдастырса қолдан жасалған нәтижені айқын көруге болар еді. Сонымен қатар Алғабас ауылы бойынша 716 сайлаушы бар дегенге де күдігіміз бар. Ондай адам саны ауылдан шықпайды. Міне, соның барлығын аудан көлемінде жасырып отыр. Біздің арыздарымызға жауап бермей, аудан әкімшілігі 21 желтоқсанда ауылға әкімді әкеліп отырғызды. Міне, сол біздің арызымыз елеп ескермей, тексермей, солай жасауға бола ма? Сайлау нәтижесіне қарсылық туындағанда 5 жұмыс күні тосу керектігі заң бойынша міндеттелсе де әкімді арызды қарастырмай отырғызды.
2022 жылдың 21 желтоқсанда арыздың жауапсыз қалғанын түсініп, 22 желтоқсанда жоғарғы тұрған облыстық сайлау комиссиясына, облыс прокурорына, ҰҚҚ, облыс әкіміне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет комитетіне арыз жаздық. Сайлау туралы заңында жазылғандай егерде қарсылық туындаған жағдайда 10 күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына арыз жазу керек деген талабы осы жерде орындалып тұр. Ал облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Дауытовтың жауабы 2023 жылдың 6 қаңтарда шықты. Оған дейін тексеріс ұйымдастырып, әділ шешім шығады деп жауапты күттік. Дауытовтың жауабында да егер келіспесеңіздер сотқа 10 күн ішінде арыз жазыңыздар делінген. Уақыт өтіп кетсе, неге сол кезде уақыт «өтіп кеткен» деп Дауытов сол кезде жауап жазбайды.
2023 жылдың 10 қаңтарда сотқа бердік. Бұл жерде уақыттың өтіп кеткен деген шешімдері негізсіз деп білемін. Барлық уақыт талаптары сақталды. Әр бір берілген арызға жауап күту деген, уақытты өткізу деп заңда жазылмаған. Сол 10 күн ішінде сотқа немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясына деп жазылған. Сот пен жоғары тұрған сайлау комиссиясына қатар уақытта, бір уақытта деп жазылмаған. Сол себепті барлық арыздар уақытымен жазылған, сайлаудан кейінгі барлық күндерде шағымдануымызды тоқтатқан емеспіз. Сайлаудың заң бұзушылықпен өткендігін дәлелдеуге мүмкіндік беретіндей, тергеу жүмыстары мен сот процесінін өткізуді қанағаттандыруды сұраймын. Егерде сот процесінде тізімдерді салыстыруға мүмкіндік берілсе, сайлау комиссиясының қылмыстық әрекеттері ашылар еді. Сол тергеуді болдырмай уақыт өтіп кетті деп, қылмыстық әрекетті жасырған қаншалықты заңды.
Сот орындарында сайлау комиссиясының адамдар тізімін қолдан жасағанын біле тұра, қылмысты тексермей, 10 күн өтіп кетті дегені қаншалықты дұрыс. Сонда қылмыс жасап, өздері уақытылы берілген арыздың уақытын өткізіп тексеріп, енді 10 күн өтіп кетті деп қарастырмай отырғандары қаншалықты заңды. Қазіргі уақытта мәжіліс және мәслихат депуттарын сайлауы өткелі жатқанда, осы тізімнің қаншалықта дұрыс жасалып жатқанына кім кепіл. Ауылда тіркеуде жоқ азаматтарды тізімдеп отыр ма деген күдігіміз бар. Шын мәнінде осы тізім арқылы да келген-келмеген адамдарды айыра салуға болар еді. Алайда ол тізімді бізден жасырып, қайткенде де көрсетпеуге тырысып жатқандары, өз қылмыстарын жасырғаны болып тұр ғой. Осы мәселемен «Жас Алаш» газетінің 24 қаңтар, №5 санында жарияланған «Жоғарғы соттың назарына!» деген айдармен мақала және «БӘСЕ» телеканалына 27 желтоқсанда видеоүндеу жіберген болатынбыз. Ауылға келіп, нақты тексеру ұйымдастырса қылмыс ашылады деп 10 күн өтіп кетті деген қаншалықты заңды.
Е.Батыршаев өзінің жазған арыздары бойынша осы аталған құқық қорғау және басқа органдары Көксу ауданы Алғабас және Қызылтоған ауылдарына барып, адамдардан сұрақ алып, жорналға қойған қолдарын сәйкестігіне тексереді деп ойлаған. Алайда, бүкіл осы органдар мүлдем тексеріс жүргізбей, арыздарды Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясына бір күн ішінде жолдап тастаған.
Осыдан кейін, үміткер Е.Батыршаев Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясы Көксу ауданына барып, арыздағы келтірілген уәждерді тексереді, жорналдарды алып, сайлауға келмеген адамдарды анықтап, олардан түсінік алады, осы көзге көрініп тұрған заң бұзушылықты анықтайды, – деп үміттенген.
Алайда, Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясы мүлдем ешқандай тексеріс жүргізбей, тек Көксу аудандық сайлау комиссиясының мүшелерінен түсінік алумен шектеліп, сайлау заңды өтті – деп жауап берді.
Е.Батыршаев, әкімшілік рәсімдік процедурасын бұзбай, Көксу аудандық сайлау комиссиясының шешімін Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясына, яғни жоғары тұрған органға шағымданған. Осы жоғары тұрған орган әділ шешімін шығарады деп сеніп, бір мезгілде шағымды сотқа бермеген.
Жетісу облыстық сайлау комиссиясының шешімі 06.01.2023 жылы шығып, 09.01.2023 жылы Е.Батыршаевқа берілген, сол кезде шешім оның пайдасына шықпағаны анықталды.
10.01.2023 жылы Е.Батыршаев өзінің Конституциялық құқықтарын қорғау үшін Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотына талап арызбен жүгінген.
Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының уәждеу бөлігінде «Аталған негіздерге сүйене отырып, сот талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алған деп санайды, өйткені мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін растайтын құжат ұсынбады деп санайды, яғни талап арызды сотқа келтіруіне кедергі болған өзге де мән-жайларды келтірмеді» – деп көрсеткен.
Алайда, Е.Батыршаев бірінші сатыдағы сотқа талапты өткізген кезде, арыз көшірмелерін, Көксу аудандық сайлау комиссиясының және Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясының жауаптарын, сенім білдірілген адамдардың түсініктерін және басқа толық құжаттары жолданған болатын.
Содан, 02.02.2023 жылғы Жетісу облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы ұйғарымының уәждеу бөлігінде «Сот алқасы, бірінші сатыдағы соттың Ержан Нусипжанович Батыршаевтың талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алғанын, өйткені мерзімді өткізіп алу себептерінің дәлелділігін растайтын құжат ұсынбаған, яғни талап қоюды сотқа келтіруіне кедергі болған өзге де мән-жайларды келтірмегенін дұрыс анықтап, талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді қалпына келтірутуралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылуға жататыны туралы негіздітұжырымға келген деп санайды.
Сондықтан сот ұйғарымның уәждеу бөлігінде келтірген талапқоюшының әкімшілік талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді қалпынакелтіру туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылуға және әкімшілікталап қою кері қайтарылуға жатады деген тұжырымы аталған заңталаптарына сәйкес келеді.
ӘРПК-тің 136-бабының 8-тармағына сәйкес, талап қоюды сотқаберуге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқажүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талапқоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
ӘРПК-тің 138-бабының 2-бөлігінің 15)-тармағына, 3-бөлігіне сәйкес, сот (судья) талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпынакелтіруден бас тартса талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.Талап қоюды қайтару, осы баптың екінші бөлігінің 3), 5), 9), 11), 12), 13),14), 15) және 17) тармақшаларын қоспағанда, сол жауапкерге сол нысанамен сол негіздер туралы сотқа талап қоюмен қайтадан жүгінуіне кедергікелтірмейді.
Сот алқасы, аталған мән-жайларды ескеріп, бірінші сатыдағы соттыңұйғарымы өзгеріссіз, талап қоюшының және оның өкілінің жеке шағымықанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп санайды – деп көрсетілген.
Алайда, Сот алқасының көрсетілген уәждерімен келесі мән жайлар бойынша келіспеймін:
1) Мен, ӘРПК-те белгіленген әкімшілік процедураларының тәртіптерін бұзбай, Көксу аудандық сайлау комиссиясының шешімін Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясына, яғни жоғары тұрған органға шағымданғанмын.
Содан, менің арызыма Көксу ауданының сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Байұзақова ӘРПК-нің талаптарын бұзып, әкімшілік процедураға қатысушысы Е.Батыршаевқа берген жауабында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңның 20-бабында (бұдан әрі Сайлау Заңы) көрсетілген 10 күндік мерзімді түсіндірмеген.
2) Сондай-ақ осы Заңның 10-бабына сәйкес Мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесуге, оларға қажетті мәліметтер мен материалдарды беруге, сайлау комиссияларының өтініштеріне үш күн мерзімде, ал сайлау күні және оның алдындағы күні-дереу жауап беруге міндетті – алайда, Көксу аудандық сайлау комиссиясы осы Заңның талабын өрескел бұзып, менің бақылаушыларыма қажетті мәліметтер мен материалдарды бермеген.
3) Жетісу облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының процессінде талапкер Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясының сенім хатпен өкілі Сабитов Ержан Муратовичтың пікіріне сәйкес «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі №11/236 қаулысымен бекітілген Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларының 7 тармағында әкімдерді сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдер, сондай-ақ сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды сайлау қорытындылары анықталып, жарияланғаннан кейін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдарға аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері бойынша тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі бір ай бойы сақталады, ал кейіннен жойылады деп бекітілген.
Яғни, аумақтық сайлау комиссия жергілікті атқарушы органдарға Көксу аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері бойынша тапсырды және ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні жойылды»–деп көрсетілген.
Алайда, бірінші сатыдағы сотының судьясы Б.К.Туранованың Е.Батыршаевтың әкімшілік арызымен сот процессіне дайындық кезенінде, 11.01.2023 жылғы Ұйғарымында:
«Көксу аудандық сайлау комиссиясынан, Жетісу аумақтық сайлаукомиссиясынан Көксу ауданы, Алғабас ауылдық округіне №652, 653сайлау учаскелерінде 2022 жылғы 18 желтоқсанда өткізілген ауыл әкімінсайлау бойынша жиналған құжаттарды (дауыс берушілермен қол қойылғанжурнал, хаттамалар, қажетті құжаттар), сондай-ақ әкімшілік арызынақатысты барлық материалдар мен құжаттары сотқа 2023 жылғы 12қаңтарға дейін сұратылып алдырылсын» – деп бекітілген.
Тараптарға 11.01.2023 жылы №3394-23-5-29/165 шығыс хатымен орындау үшін жолданған болатын.
Алайда, Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясы және Көксу аудандық сайлау комиссиясы осы сот ұйғарымының талабын тым өрсекел бұзып, әкімшілік сотта осы мәселемен арыз қаралып жатқанын біле тұра, журналдарды, тізімдерді және тағы басқа құжаттарды әдейі жою үшін, 20.01.2023 жылы Актімен жойып тастаған – деп ойлаймын.
Осы мәселе бойынша 02.02.2023 жылы Сот алқасы процессінде талапкерлерге қатысты Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотының 11.01.2023 жылғы Ұйғарымның талабын орындамаған үшін қорғаушым Жеке қаулы шығару сұралған. Алайда, сот алқасы осы бөлікте Ұйғарымда көрсеткен жоқ, және құқықтық баға берген жоқ.
Жоғары негізінде, соттан сұраймын:
- 13.01.2023 жылғы Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотынының ұйғарымын заңсыз деп бұзуды;
- 02.02.2023 жылғы Жетісу облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының ұйғарымын заңсыз деп бұзуды;
- Талап қоюшы мен, Ержан Нусипжанович Батыршаевтың жауапкерлер Көксу аудандық сайлау комиссиясына, Жетісу аумақтық сайлау комиссиясына Көксу ауданы, Алғабас ауылдық округіне №652, 653 сайлау учаскелерінде 2022 жылғы 18 желтоқсанда өткізілген ауыл әкімін сайлау нәтижелерімен шешімдерін заңсыз деп тану және оларды бұзу туралы әкімшілік талап қоюдың сотқа беруге арналған мерзімді қалпына келтіруді;
- Істі Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотынына негізінен қарау үшін жолдауды сұраймын.
Тіркеме: Ұйғарым көшірмелері.
Талапкер Батыршаев Ержан Нусипжанович (ЭЦК кілті)