Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:45, 25 Тамыз 2023

«Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі сөнген жоқ - ТЖМ

None
None

«Қазақстан» шахтасында өрт сөндіру және апатты аймақта гипстен бөгет қою жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандыда Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен «Қазақстан» шахтасындағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі үкіметтік комиссияның кеңесі өтті.

Шахтадағы өрттің себебі мен мән-жайын тергеу жөніндегі кіші комиссияның есебі тыңдалды.

Жазатайым оқиғаны тергеу кезінде туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Сырым Шәріпханов тартылған сарапшыларды қажетті материалдармен, жобалау-техникалық құжаттамамен қамтамасыз етуді және олардың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, өзін-өзі құтқаратын кеншілерді қарау және тексеру қажеттігі айтылды.

Шахтада өрт ошақтарын сөндіру және авариялық учаскеде гипс бөгеттерін салу жұмысы жалғасып жатыр.

Газ жағдайы үнемі бақылауда. Жұмыс орнында температура көрсеткіші нашарлаған жоқ.

Айта кетейік, Қарағандының «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасында өрт шығып, бес адам қаза тапты.

Бұрын хабарланғандай, апат кезінде "Қазақстан" кенішінде 227 қызметкер болған. 222 адам жер бетіне шығарылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім еткендей, «Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Тегтер: