«Қазақстан» шахтасындағы өрт: екі жұмысшы көз жұмды
«Қазақстан» шахтасындағы өрттен кейін хабарсыз кеткен бес кеншінің екеуінің денесі табылды, деп хабарлайды zhasalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Екі жұмысшы қайтыс болды. Қалғандары іздестіріліп жатыр», — деді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында шахта өртеніп, 227 адам эвакуацияланғаны туралы хабарлаған едік.
Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылған.
Кейін өрт кезінде 5 кеншінің із-түссіз қалғаны және 4 адам ауруханаға түскені белгілі болды.
Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағымданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық ауруханасына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.