Қазақстан Тәліптермен сауда жасай ма? Астанада өтетін қазақ-ауған форумына кім келеді

Осы аптаның соңында Астанада Қазақстан-Ауған бизнес форумы өтеді. Еліміз бен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынас қалай дамып жатыр?
Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш кейбір сұрақтарға жауап берді.
Вице-министрдің айтуынша, Астанаға келген Ауғанстан өкілдері ешқандай санкциялық тізімге енбеген және оларға қатысты шектеу шараларын қолданылмайды.
«Сонымен қатар, ертең келетін қонақтардың басым көпшілігі Ауғанстанның іскер топтарының өкілдері, яғни қарапайым адамдар. Сондай-ақ «Талибан» қозғалысы террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне Америка Құрама Штаттары, басқа да ірі Батыс елдері, мысалы, Ұлыбритания тізіміне енбеген. Бұл елдерге Талибанмен әртүрлі деңгейде байланыс орнатуға мүмкіндік береді. «Доха алаңы» деп аталатын платформаны бәрі біледі «Талибан» қозғалысының өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондықтан бұл мәселеге таза заңды түрде қарайтын болсақ, онда біз ешқандай халықаралық нормаларды бұзбаймыз», — деді Қанат Тұмыш.
Ол 2017-2018 жылдары Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде «Талибан» мәселелері бойынша халықаралық санкциялар комитетінің орынбасары қызметін атқарғанын айтты. Вице-министр халықаралық құжаттарға сәйкес, «Талибан» террористік ұйым емес екенін нақтылады.
«Осы комитеттің санкциялық тізімінде 135 мүше және осы қозғалысқа қатысы бар тұлғалар бар. Яғни, бұл ұғымдарды ажырату керек. Сонымен бірге „Талибан “ұйымының өзі БҰҰ-ның санкциялар тізіміне енбеген», — деп түсіндірді Қанат Тұмыш.