Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:30, 18 Шілде 2023

Қазақстан Ташкенттен Ауғанстанға ұн транзиттеу тарифін түсіруді сұрады

None
None

Қазақстан өзбек билігінен Ауғанстанға Өзбекстан аумағы арқылы өтетін темір жолдармен ұн тасымалдау тарифтерін түсіруді сұрады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты Centralasian.org-ке сілтеме жсап.

 

Қазақстан үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл туралы 17 шілдеде екі ел өкілдерінің жұмыс тобында мәлім болды. Жиналысқа премьер-министрлердің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Жәмшид Хожаев қатысқан.

Қазақстандық өндірушілер сол арқылы Ауғанстанға ұн және басқа да тауар экспортын арттыруды көздеп отыр.

"Қазақстандық ұн өнімдерін Өзбекстан аумағы арқылы транзиттеу тарфитерін түсіру мәселесіне ерекше назар аударылды. 2017 жылы Қазақстаннан Ауғанстанға Өзбекстан аумағы арқылы 1,209 млн тонна ұн экспортталған. Кейінгі жылдары экспорт төмендеген: 2021 жылы – 536 мың тонна, ал 2022 жылы – 816 мың тонна. Биыл алты айда – бар болғаны 275 мың тонна" деп хабарлады үкімет.

Қазақстан Ташкенттен транзит тарифтерін қаншалықты түсіруді сұрағаны белгісіз.

Айта кетейік, Ауғанстан қазақ астығы мен ұнын тұтынатын басты елдердің бірі.

Тегтер: