Қазақстан үкіметі моноқалаларды дамытады
Қазақстан үкіметі Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын 2023-2027 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кешенді жоспарын бекіткен.
Мұны үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл хабарға қарағанда, 10 моноқаланыың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға арналған жоспар жасалған. Оның ішінде Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бар.
Centralasian.org хабарлағандай, бұған дейін Риддер мен Жаңата қалаларында инфрақұрылым ескіруіне байланысты жергілікті жылу орталықтарының қазандары апатқа ұшыраған, газ баллондары жарылып адам өлген.
Үкімет жоспарында денсаулық сақтау, білім, спорт, инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені нысандарын салу және жөндеу көзделген. Осы мақсатқа 1,7 трлн теңге бөлу жоспарланған.
«Мысалы, Жаңатас қаласында республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ басқа да көздер есебінен 75 іс-шараны іске асыруға 3 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған. Қаратауда шамамен 50 млрд теңге – бюджеттен тыс ақша. Арқалық қаласында Маятас кластерінің кен орындарына геологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін тау-кен байыту комбинатын салу жоспарланып отыр. Құны 315 млрд теңге болатын жоба 1,2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Арқалықты әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралармен толықтырылған»,-дейді үкімет баспасөз қызметі.
Қазақстан үкіметі 1990 жылдардан кейін жеткілікті қаржысыз қалған моноқалаларды дамытатыны жөнінде бұған дейін де әр жылдары айтып келген. 2012 жылы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың моноқалаларды дамыту жөніндегі жолдауы мен жарлығын орындау үшін Қазақстан үкіметі «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» арнайы қаулы алған. Қаулының күшін үкімет 2014 жылы өз қаулысымен жойған.