Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:02, 26 Ақпан 2020

Қазақстан үкіметі Ресейден жарты миллиард доллар қарыз алатын болды

Қазақстан үкіметі биыл мемлекеттік бағалы қағаздарынРесейдің құнды қағаздар рыногінде орналастырмақшы.

Бұл туралыпремьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайыловмәлімдеді.

Министрдің мәліметіне қарағанда, Қазақстан тарабы Ресейнарығында орналастырмақшы құнды қағаздар,  кем дегенде, 500 млн АҚШ доллары сомасынапара-пар болады екен.  

«Неге Ресей рыногіне шықпақшысыздар?» деген сұраққа Ә.Смайылов «Өйткені, мөлшерлеме арзан, валюталық тәуекел де азғантай» деп жауапберді. Оның сөзінше, бұл шара жуырда, бір-екі ай көлемінде жүзеге асырылады.Көрші рыногінде Қазақстанның казыналық облигациялары саудаланатын болады.

Бұл қаржылы-экономикалық шараны қарапайым тілментүсіндірер болсақ, Қазақстан Ресейден жарты миллиард доллар көлемінде қарызалмақшы.  

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер: