#Qazaqstan30: Алматы облысы Рухани жаңғыру жобасын белсенді түрде жүзеге асыруда
1991 жылы Қазақстан жеке мемлекет болып, еңселі елдігіміз танылған болатын. Содан бері біраз уақыт өтіп, Отанымызда көптеген жақсы өзгерістер орын алды.
Тіпті, еліміз егемендік алған тұста дүниеге келген балалар қазіргі күні отызды еңсерген азаматтар болып, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өздерінің сүбелі үлестерін қосуда.
«Жетісу – оқырмандар мекені» жобасының ресми тұсаукесері Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бас ғимаратында өтті.
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі директоры Дана Дюсенова мен жоба жетекшісі, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі директорының орынбасары Ержан Дармышев бұл жобаны іске асыру барысына, мақсаттары мен міндеттер турасында егжей-тегжейлі айтып берді.Қазіргі заманауи қоғамда ақпараттық және цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында дәстүрлі рухани құндылықтардың жандануы ерекше мәнге және өзектілікке ие болуда. Сондықтан, Қазақстанда әсіресе, жас ұрпақтың арасында оқырман қоғамын қалыптастыруға басымдық берілуде, — дейді спикерлер.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көптеген жұмыстар қолға жүзеге асуда.
Биылғы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен «VIP ZHETYSU» зияткерлік клубы, «ZHETYSU QUEST» және «IQ DODA» зияткерлік ойындары, «ЗЕРДЕ» телевизиялық ток шоуы сияқты зияткерлікті дамытуға бағытталған бірқатар жобалар әзірленді.
Биылғы жылдың басты оқиғаларының бірі — оқырман ұлттың имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Жетісу — оқырмандар мекені» вендинг аппараттарын енгізу жобасының әзірленуі. Жоба — цифрлық технологиялар мен әдеби-рухани мұралардың синтезі болып табылады.
Жобаның мәні — сандық технологияларды қолдана отырып, кез-келген адамға таңдалған кітапты ойын арқылы жеңіп алуға мүмкіндік беретін кітап оқуды танымал ету. Сонымен қатар бұл кітап электронды емес, дәстүрлі қағазға басылған кітап. Автомат сенсорлық экранмен жабдықталған және қатысушыларға Тәуелсіз Қазақстанның тарихына, мәдениетіне, географиясына байланысты танымдық сипаттағы сұрақтар қоятын бірегей бағдарламалық жасақтама орнатылған.
Ұсынылған сұрақтарға дұрыс жауап берген кезде вендинг-аппарат автоматты түрде алдын-ала таңдалған кітапты шығарады. Ойынды бастамас бұрын, құрылғыда бар әдебиеттер тізімін білуге мүмкіндіктер жасалған.
Айта кетерлігі, жоба «IT QUIZ» және «Сколково» технопаркінің дамуына қатысып, үлес қосқан Ресей мен Украина елдерінің IT мамандарының көмегімен жасалды.Осылайша, жобаны әзірлеушілер цифрландыруды ескере отырып, заманауи цифрлық технологияларды пайдалану есебінен оқырмандар санын арттыру міндетін басшылыққа алады.
Осы аптада Қазақстандық қоғамдық даму институты базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға жауапты барлық институттар үшін оқыту семинарларының сериясы басталды.
Айта кету керек, мұндай оқыту жүйелі негізде жүргізіледі. 2019-2020 жылдары ұқсас семинарлар мен вебинарлар өтті.
«Бұл оқыту іс-шаралары стейкхолдерлердің бағдарламаны ілгерілету саласындағы ақпараттық-коммуникативтік жұмысының сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл, сайып келгенде, оның оң имиджін қалыптастыруға, өзгерістер елшісі амбассодорлары санының өсуіне, халықпен кері байланыс сапасының өсуіне ықпал етеді», — дейді ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Бұқанова.
Оқыту 5 модуль бойынша жүргізіледі. Тыңдаушылар «Рухани жаңғыруды» тиімді жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен жергілікті қоғамдастықтармен жұмыс істеу технологиясын зерделейді. Сондай-ақ оларға бағдарлама құндылықтары контексінде қазақстандықтардың қоғамдық пікірін зерттеу әдістері туралы ақпарат қолжетімді болады. Қатысушылар социуммен жұмыс істеу технологияларымен (отбасы және жастар қоғамдық дамуды жаңғырту институттары ретінде) және «Рухани жаңғыруды» ілгерілетудегі ақпараттық жұмыстың ерекшеліктерімен танысады.
Оқу бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде 10 вебинардан тұрады. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқыту вебинарлар форматында қашықтықтан жүргізіледі. Оқуға бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың, өңірлік жобалау кеңселерінің қызметкерлері тартылады.
Спикерлер ретінде бағдарламаны іске асыру барысына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері сөз сөйлейді. Оқыту қорытындысы бойынша алынған білімді меңгеруді бағалайтын балдары бар электрондық сертификат тапсырылады.
Аталған семинарлар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді іске асыру тәсілдері туралы білім деңгейін арттыруға, бағдарламаның құндылық және тұжырымдамалық негіздері туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін спикерлер пулын қалыптастыруға бағытталған.