Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:15, 15 Маусым 2021

#Qazaqstan30: Тәуелсіздігімізге 30 жыл - Алматы облысы

None
None

Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Тәуелсіздік жылдары үлкен жұмыс атқарылды.

Тұңғыш президент бейбітшілік пен қоғамдық келісім қамтамасыз етілген, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи мемлекет құруға үлкен мән бергені анық. Биыл жылы біздің Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Өткен жылы экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, адам құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға негізделген шараларға басым назар аударылды.Былтыр Үкімет халықты қорғау және бизнесті қолдау бойынша уақтылы шаралар қабылдауының арқасында Алматы облысындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай тұрақталып, өңір барлық негізгі бағыттаыр бойынша өзінің өсу қарқынын сақтай алды.Айта кету керек, Елбасының "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыру барысына және Президент Жолдауының тармақтарына Алматы облысының басшысы Амандық Баталов та үнемі көп көңіл бөледі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өңірде 100-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылуы мен идеологиялық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Али:

— Жетісу өңірі үшін маңызды нысандар Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылады. Тәуелсіздіктің арқасында елімізде әлеуметтік нысандардың ғана емес, кәсіпкерліктің де көкжиегі кеңейгені сөзсіз. Жаңа өндірістік жобалар облыстың жетекші аудандарында іске қосылады. Кербұлақ ауданындағы қуаты жылына 1,2 млн тонна «Алацем» ЖШС цемент зауыты, Іле, Ұйғыр ауданының жаңартылған құс фабрикалары, қуаты 50 МВт Қаскелең күн электр станциясы, 1 200 сауын сиырға жобалық құны 2,5 млрд теңге болатын сүт фермасы Тәуелсіздік күні қарсаңында тұсауы кесіліп, өткен жылдың ең ірі жобалары атанды, — деді.

Сондай-ақ ауылдық жерлер мен саяжай алаптарына ерекше назар аударылған. Өңір басшысының орынбасары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қалпына келтірілген Райымбек ауданын одан әрі дамыту туралы ерекше атап өткен болатын. Ауданда халық саны артып, 40 мыңға жуық адамды құраған. Аймақтың дамуына үлес қосуға жігерлі жастар туған өлкелеріне қайтып келуде. Бүгінде олардың саны 2000-нан асады. Саяжай алаптары да бақылауда. Мысалы, осы аптада жоғарыда аталған акция аясында «Шайқорған» және "Қызыл тас" саяжай секторларының тұрғындары үшін облыс орталығында жалпы құны 595 млн.теңге болатын екі көлік жүруге арналған өткел пайдалануға беріледі.Жергілікті тұрғындарды жайлы өмір сүру жағдайымен қамтамасыз ету мәселесі облыс басшысы Амандық Баталовтың ұстанған саясатының басым бағыты болып табылады. Бұл ұстаным әркез билік назарында.Президенттің бұқаралық спортты дамыту және халықтың денсаулығын жақсарту туралы жолдауы аясында Алматы облысында 100 спорт нысанының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мысалы, облыста қазірдің өзінде 16 денешынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді.

Тегтер: