Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:12, 18 Қараша 2022

Қазақстанда 86 сайлау учаскесі таңғы сағат 6.00-ден жұмысын бастайды

None
None

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров ведомство отырысында республика бойынша 86 сайлау учаскесінде кезектен тыс президенттік сайлауға дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталатынын айтты.

Нұрлан Әбдіров сайлау заңнамасында көзделген өкілеттіктер мен тәртіпке сәйкес тиісті аумақтық комиссиялар дауыс беруді бастау үшін басқа уақыт белгілеу туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары берген жедел ақпаратқа сәйкес, тиісті аумақтық сайлау комиссияларының шешімімен 86 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де басталады, оның ішінде 47-і – азаматтардың уақытша тұратын жерлеріндегі сайлау учаскелері. Қала құраушы кәсіпорындардың ауысымдық жұмыс кестесі ескерілетін болады», — деді ОСК басшысы.

Оның айтуынша, сағат 20:00-ден кейін дауыс беруді аяқтау туралы шешім қабылданған жоқ.

ОСК кейінірек «ҚР сайлау туралы» заңның 38-бабында аумақтық сайлау комиссиялары тиісті әкімнің, учаскелік сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудің басталу және аяқталу уақытын басқаша белгілеуге құқылы екені көрсетілгенін хабарлады. Бұл ретте дауыс беру сағат 6:00-ден ерте басталып, 22:00-ден кешіктірілмейді. Аумақтық комиссиялардың дауыс берудің басталу және аяқталу уақытын өзгерту туралы шешімі сайлаушыларға жеткізілуге ​​тиіс.

Тегтер: