Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:25, 05 Желтоқсан 2022

Қазақстанда АЕК-тен бас тарту ұсынылды

None
None

Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова айлық есептік көрсеткішті (АЕК) қолданудан бас тартуды ұсынды.

Бұл туралы Нұрманбетова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысқан Үкімет сағаты барысында мәлімдеді. Депутат әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш бойынша аударуды ұсынып отыр.

«Тәуелсіздік табалдырығында енгізілген айлық есептік көрсеткішті (АЕК) пайдалану жалғасып келеді. Иә, бұл жоспарлауға ыңғайлы болар. Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға да байланысты емес. Сондықтан алдағы уақытта әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш бойынша аударуды мақсатқа сай деп санаймыз. Не ең төменгі күнкөріс, не ең төменгі жалақы мөлшері шамасында», — деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағаты отырысында.

Нұрманбетованың айтуынша, биылғы 10 айда азық-түлік инфляциясы шамамен 20 пайызға жеткен.

Тегтер: