Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:25, 10 Сәуір 2023

Қазақстанда алдағы күндері 30 градус ыстық күтілуде

None
None

Синоптиктер 11-13 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, — деп хабарлайды Жас Алаш.

Ауа райы болжамына сәйкес, атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады — 11 сәуірде, 12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Республиканың солтүстік жартысында Скандинавия аймақтарынан солтүстік-батыс антициклонның кіруі әсерінен ауа температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі.

«Алайда, күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, 13 сәуірде термометрлер республиканың солтүстік жартысында 10-18 градусқа, оңтүстікте 17-30 градусқа дейін жетеді. Республикада тұман, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда құмды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстік жартысында көктайғақ болады», — делінген хабарламада.

Тегтер: