Қазақстанда алғаш рет банан өсіріле бастады

Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік ауқымда банан өсіріле бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
«Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды. Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның арнайы сорты өсірілді.
Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.
Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ доллары болады. Түрік компаниясы құрылыс кезінде берік құрылымдарды пайдаланды, жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған, бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа-райында да толық ашуға мүмкіндік береді», — деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.