Қазақстанда алғаш рет дәстүрлі садақ атудан 1-ші республикалық чемпионат Жаңаөзенде өтті
16 қазанда Жаңаөзен қаласында Әмин Тұяқов атындағы стадионда дәстүрлі садақ атудан әр түрлі жас санаттары арасында алғаш рет I Республикалық чемпионат өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мұндай чемпионат елде алғаш рет өткізілуде. Дәстүрлі садақ ату сайысына еліміздің әр өңірінен 200-ден астам садақшы қатысты.
Чемпионатқа Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
— Құрметті спорт сүйер қауым, баршаңызды садақ атудан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы 1-ші Республикалық дәстүрлі чемпионаттың ашылуымен құттықтаймын! Осы жарысқа еліміздің басқа облыстарынан келген қонақтарға, спортшыларға қош келдіңіздер дегім келеді. Маңғыстау ежелден салт-дәстүрді берік ұстанған, сыр мен ғажайыптарға толы киелі өлке саналады. Соның бір дәлелі – тәуелсіз елде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздарының ерлігі. Мемлекет басшысының еліміздің әрбір азаматы рухани, білімді, бәсекеге қабілетті болуы керек деген тапсырмасы аясында спорт кешендері салынып, жөндеуді қажет ететіндері күрделі жөндеуден өтуде. Әсіресе, соңғы жылдары ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын ерекше атап өткім келеді. Бұл үрдіс одан әрі жалғасатын болады. Ата-бабадан қалған қаруды спорттық мақсатта пайдаланып, осы спорт түрімен айналысқандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтамын. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс жолында табандылық тілеймін, – деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.
Облыста дәстүрлі садақ ату спортымен 400-ге жуық спортшы айналысады. Оның ішінде 10-15 спортшы республикалық және халықаралық жарыстарда облыс намысын лайықты қорғап жүргендер.
– Дәстүрлі садақ ату Қазақстанда 90-жылдары басталды. Соңғы 4-5 жылда бұл спорт түрі ұлттық дәрежеге көтерілді. Бүгінгі чемпионат Маңғыстау облысында алғаш рет өтуде. Қазір бұл спортқа мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде. Бұл спорт түрімен 7 жастағы бала да, 70 жастағы қария да айналыса алады. Бұл спорт әлі де өзінің лайықты орнын алады деп ойлаймын. Бүгінгі жарысқа еліміздің көптеген облыстарынан кіл мықтылар келді. Біз бұл спортты әлемдік деңгейге шығаруға дайынбыз, ол үшін жан-жақты қолдау білдіреміз де. Жақында Түркияда өткен көшпенділер ойынында еліміздің садақшылары екінші орын алды. Бес елдің ішінде Қазақстан екінші орын алып, 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен оралды, – дейді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов.
Жарыс қорытындысы бойынша командалықесепте 1-орынды Шымкент қаласының мергендеріалса, 2-орынды Абайоблысының мергендері алды. Ал, 3-орын Жетісу облысыныңмергендеріне бұйырды. Сондай-ақ,әр нысана бойынша жас шамасына қарай үздікмергендер анықталып, оларға да ақшалай сыйақытабысталды.
Ашық аспан астында өткен спорттық шараны 2500-ге жуық көрермен тамашалады.