Қазақстанда ақбөкендердің саны артып келеді

Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі жыл сайын сирек кездесетін тұяқтылармен ақбөкендер санының артуын, олардың популяциясы 334 мыңға жетіп, 55%артқанын хабарлап отыр.
Экология министрі Мағзұм Мирзағалиев:
— Департамент осы қазіргі динамиканы сақтап қалуға бар күшін салуда. Алайдабраконьерлік фактілері де тоқтар емес. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылыбраконьерлік үшін жауапкершілікті арттыру мақсатында қолданыстағы қылмыстықзаңнамаға түзетулер енгізілген болатын, — деді.
Ақбөкендердіатуға қатысты мораторий Қазақстанда 2023 жылға дейін ұзартылды. Экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің баспасөз хатшысы СәкенДілдахмет:
— «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен ақбөкендерді,олардың бөліктері мен дериваттарын ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда,2023 жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға тыйымсалынды», — деген болатын.
Бұғандейін тыйым 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылған еді. Мораторийдіңмерзімін ұзарту негіздемесін Білім министрлігі Ғылым комитетінің Зоологияинституты дайындады. Комитеттің бұйрығы нормативтік құқықтық актілердімемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 10 ақпанда тіркелді. Ол алғашқы ресмижарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Деседе, Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы ақбөкендердің жағдайы бірдей емес.Мәселен, Үстірт популяциясының саны өте төмен деңгейде қалып отыр – 5900 дана,Бетпақдалада – 111,5 мың, бұл статистика 2015 жылы жаппай өлімнен кейін (150мыңнан астаы қырылған) қалпына келтіру сатысында тұр.
2020жылдан бастап қылмыстық топ жасаған, аң аулауға құқығы жоқтар заңсыз аң аулау арқылы аса ірі залалкелтіргені үшін 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. БұлҚылмыстық кодекстің 337-бабына қосымша ретінде енгізіліп отыр.
Сиреккездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды заңсызұстағандары үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады (ҚК 339-бабы).
Өсімдіктермен жануарлар дүниесін қорғау инспекторының өміріне қол сұғу әрекеттері үшін 15жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырунемесе мүлкін тәркілеумен өмірбойына бас бостандығынан айыру жазасы беріледі (Қылмыстық кодекстің380-1-бабы).
Бұрынсақшылар қорғаныс дәрежесі бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен,арнайы мемлекеттік органдармен және әскери қызметкерлермен теңестірілмегенболатын.
Осыжылдың 11 сәуірінде Қызылорда облысында орналасқан «Охотзоопромның»инспекторлары браконьерлерге қуғын жасады. Күдіктілер қашып кетуге тырысқанымен,іздеу кезінде браконьерлердің бір көлігі аударылған. Онда аңшылар 54 ақбөкенніңөлігін, 224 мүйіз жəне МП-153 аңшылық мылтығын тапқан.
Ұлттыққауіпсіздік комитеті Шымкент, Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстарындажүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бірнеше трансұлттықтоптардың заңсыз әрекеттерінің жолын кескен.
Ұзақуақыт бойы күдіктілер кейіннен Қазақстан-Өзбек және Қазақ-Қырғыз шекараларыарқылы Таяу Шығыс елдеріне контрабандалық жолмен Қызыл кітапқа енген бүркіттердізаңсыз аулау ісімен айналысқан. Мамандардың айтуынша, аталған қылмыстықтоптардың заңсыз әрекеттерінен мемлекетке келтірілген шығын бірнеше миллиардтеңгеге бағаланады.
Еркежан АРЫН