Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Сайт әкімшілігі

13.08.2020, 16:40

65

Қазақстанда өткен тәулікте 517 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Елде вирус жұқтырғандар 101 372 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомство таратқан мәліметке қарағанда, Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырғандар күрт азайған. 12 тамызда Алматыда – 52, Нұр-Сұлтанда 38 адамға коронавирус инфекциясы жұққаны анықталған. Сәрсенбі күні ең жоғары көрсеткіш – Қарағанды облысында (85), ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында (4) тіркелген.

Бір тәулікте 2 079 адам жазылған. Барлығы 76 756 адам (73 пайызы) айыққан. Соңғы мәлімет бойынша, 24,8 мыңнан астам адам емделіп жатыр. Олардың 102-сі – бала. 419 адамның жағдайы – ауыр, 101 науқас хәл үстінде жатыр. 94 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.

Эпидемия басталғалы бері елде коронавирустан 1313 адам қайтыс болған деп айтылады. Бұған коронавирус жұққан, бірақ арнайы комиссия «Covid-тен емес, өзге ілеспе аурудан қайтыс болды» деп шешім шығарған жүздеген адамның өлімі енбеген. Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус статистикасына күмән келтіреді.

Қазақстан билігі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 101 мыңнан асты дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, елде вирус жұқтырғандар саны 115 мыңнан асқан. Халықаралық ұйым белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққандарды да елдің Covid статистикасына қосып есептеп отыр.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі басында «пневмонияны» Covid статистикасына қосатынын айтқанмен 10 тамызда бұл ниетінен айнығанын білдірді.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 1-11 тамыз аралығында 14 760 адамның коронавирустық пневмонияға шалдыққаны расталған, 181 адам қайтыс болған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды
12.08.2020, 15:09
Коронавирус жұқтырғандарға бес дәрі-дәрмек тегін берілетін болды

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38