Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 26 Шілде 2021

Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді

None
None

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді, — деп хабарлайды «Жас Алаш» COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

"Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 25 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы: өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 637 жағдайы тіркелді", — делінген ВАК хабарында.

Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 535 906-ға жетті.

Оның ішінде:

  •  Нұр-Сұлтан қаласында — 1510,
  •  Алматы қаласында — 1219,
  •  Шымкент қаласында — 520,
  •  Ақмола облысында — 192,
  •  Ақтөбе облысында — 255,
  • Алматы облысында — 194,
  •  Атырау облысында — 420,
  •  Шығыс Қазақстан облысында — 139,
  •  Жамбыл облысында — 152,
  •  Батыс Қазақстан облысында — 168,
  •  Қарағанды облысында — 781,
  •  Қостанай облысында — 181,
  •  Қызылорда облысында — 168,
  •  Маңғыстау облысында — 258,
  •  Павлодар облысында — 202,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында — 133,
  •  Түркістан облысында — 145.

Сондай-ақ, Қазақстанда 2 381 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 370,
  • Алматы қаласында — 416,
  • Шымкент қаласында — 280,
  • Ақмола облысында — 139,
  • Ақтөбе облысында — 0,
  • Алматы облысында — 72,
  • Атырау облысында — 257,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 41,
  • Жамбыл облысында — 25,
  • Батыс Қазақстан облысында — 50,
  • Қарағанды облысында — 186,
  • Қостанай облысында — 179,
  • Қызылорда облысында — 117,
  • Маңғыстау облысында — 97,
  • Павлодар облысында — 29,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 65,
  • Түркістан облысында — 58.

Елімізде барлығы 449 377 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Айта кетейік, 2021 жылғы 25 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 145 055 адам, 2-компонентін 3 264 705 адам салдырды.

Тегтер: