06:13, 28 Қыркүйек 2020
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр

Қазақстанда доллар қайтадан қымбаттап жатыр, — деп хабарлайды «Жас Алаш» KASE қор биржасына сілтеме жасап.
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 428,02 теңге болды. Осылайша доллар бір тәулікте 1,68 теңгеге қымбаттаған.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долар 428,96 теңгеден сатылып жатса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасы 428,9 теңгеден сатылып жатыр.