10:16, 27 Тамыз 2021
Қазақстанда карантин талаптары жеңілдеді
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді, — деп хабарлайды Жас Алаш.
Алматы қаласын қоспағанда, биыл 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:
- демалыс күндері — Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандары жұмысына — сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларының жұмысына — қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
- сенбі күндері — қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат берілді.
Алматы қаласын қоспағанда, биыл 30 тамыздан бастап:
- Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандары үшін жұмыс уақыты (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының «көшбасшылары» үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылды.