Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:00, 06 Қыркүйек 2023

Қазақстанда Kia K8 седаны шығады

None
None

Автомобильді «СарыарқаАвтоПром» мамандары құрастырады. Сертфикатта оны қалай өндіретіні жазылмаған, бірақ ірі торапты әдіс қолданатын шығар.

K8 моделі бренд топтамасына 2021 жылы қосылған. Ол Cadenza атауымен де танымал төрт есікті K7-нің орнын басты. Hyundai Grandeur-мен бір платформаны бөлісетін машина 177 ат күшіне ие 1.6 литрлік турбмотормен және 198 ат күшін беретін 2.5 литрлік атмосфералы агрегатпен немесе бойында 300 арғымақтың күші бар 3.5 литрлік V6-мен жүреді. Өз отанында K8-дің гибрид және газбен жүретін түрі сатылады.

Біздің елде шығатын модельге тек 3.5 литрлік G6DT-5 моторы (300 ат күші мен 359 Нм) орнатылады. Автомобиль 8 сатылы автоматпен жұмыс істейді. 

Қазақстан K8 құрастыратын үшінші ел екенін атап өткен жөн. Оңтүстік Кореядан бөлек, автомобиль былтырдан бері Өзбекстандағы зауыттан шығып жатыр.

Kia K8-ді автосалондарға қашан жөнелтетіні белгісіз. Марка өкілдері ресми мәлімдеме жасаған жоқ, дегенмен, бұған бірнеше ай кететіні анық.

Тегтер: