10:10, 30 Қараша 2022
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге көбейді
Қазақстанда өткен тәулікте 114 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды.
Сондай-ақ коронавирус пневмониясына 3 адам шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті.
30 қарашадағы мәлімет бойынша, 1 020 адам коронавирус инфекциясынан (–882+ және 138 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 165 пациент стационарда, 855 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 6 адамның жағдайы ауыр,
— 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.