Қазақстанда мемлекеттік мерекелердің маңызы зор

Тоталитарлық, автократиялық мемлекеттерде жөн-жосықсыз мерекелер көп болады деген шындыққа сәйкес теория бар.
Халық ырду-дырдумен, алаулатып-жалаулатып, парадтарға шығып, өтірік ойнап-күліп, стадиондарға жиналған қарақұрым халықтың алдында түрлі қойылымды қызықтайтын. Кешегі КСРО сияқты, бүгінгі Қытай мен Солтүстік Кореядағы сияқты.
Қазақстанда мемлекеттік және ұлттық мереке аз. 1, 2 қаңтар – Жаңа жыл мемлекеттік мерекесі:
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мемлекеттік мерекесі;
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы мемлекеттік мерекесі;
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мемлекеттік мерекесі;
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мерекесі;
9 мамыр – Жеңіс күні мемлекеттік мерекесі;
6 шілде – Астана күні мемлекеттік мерекесі;
30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мерекесі;
25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі;
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесі.
Негізі, қазақ халқының негізгі дәстүрлі мерекелерінің бірі Наурыз мейрамы екенін айрықша атап өтуіміз керек. Бұл Наурыз мейрамы Қазақстанда ресми түрде үш күн қатарынан – 21, 22 және 23 наурызда тойланады. Наурыз мейрамы ежелгі шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл деп аталады. Бұл күні Қазақстанның қалалары мен ауылдарының көшелеріне ақ шаңқай киіз үйлер тігіліп, кез келген адам мерекелік дастарқаннан дәм тата алады. Барлық жерде бұқаралық спорттық ойындар өтеді.
Қазіргі Наурыз көне дәстүрлер сабақтастығын сақтап қалды. Ұлттық мәдениеттің жаңғыруы жағдайында ол «уақыттар байланысының», Қазақстанның тарихы мен қазіргі заманның маңызды буыны болып табылады.
Бұл мерекенің негізгі ұлттық тағамы – наурыз көже, ол 7 түрлі қоспадан (су, ет, тұз, май, ұн, жарма түрлері, күріш, жүгері немесе бидай, сүт, айран) тұруы керек.
2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілді. Сол уақыттан бастап 21 наурыз халықаралық Наурыз күні болып жарияланды.